«Гуантанамоның» қазақ тұтқыны

«Гуантанамоның» қазақ тұтқыны

«Гуантанамо». Біздің Алматы облысындағы Қызылшарық ауылының жігіттері сонау Куба жерінде орналасқан осы бір атышулы абақтыға түсеміз деп өмірі ойламаған болуы керек. Бірақ АҚШ-қа қарайтын «Гуантанамо» түрмесінде отырып шыққан төрт қазақстандықтың үшеуі – осы ауылдан. Олардың бірінің ұлты – қазақ. Аты-жөні – Айтуған Бақбергенов. «Гуантанамода» бес жыл, бір ай отырып келді. Көрген азаптың кесірінен бе, жігіт тым тұйық. Сөзге тарту қиын. Білдей бір азамат қазір тек үй жұмысына жарайтын халде. Алты жылдан соң оралған ұлының қайда, не іздеп барғанын анасы әлі күнге дейін нақты білмейтін сияқты. Айтуған Пәкістанға діни сауатымды ашамын деп аттанса, Ауғанстанға не үшін барғанын ашып айтпайды. «Тәліб» деген күдікпен тұтқынға түскені де –  оның айтуынша, жазмыш. Сөз арасында Айтуған: «Пәкістанға Халифа Алтайдың кітаптарын оқуға бардым», – деп қалды. Ал Халифа Алтайдың кітаптары еліміздегі кез келген мешіттің алдында сатылады. Оларды зерттеймін деп әр қазақ Пәкістанға аттана берсе, не болмақ? Діни сауатымды ашамын деп бес айға Пәкістанға кеткен Айтуған бес жылдан кейін оралды. Мүлде басқа адам болып оралды...

Әтихан әже, Айтуған Бақбергеновтің анасы:
– Оқимын деп кетті ғой басында. Оқып келемін, дін оқуын оқимын деп бой бермеді ғой. Бізге ақша тауып бер деді, біз ақша тауып беретіндей... Қайдан табамыз ақшаны? Бір менің зейнетақымнан басқа...

Айтуған БАҚБЕРГЕНОВ, «Гуантанамо» тұтқыны:
– Былай айтқанда, ол – бір тағдыр. Осы отырғанымыздың өзі – біздің маңдайымызға жазылып қалған бір ғанибет. Аллаға сансыз шүкір.

Әшірбек МУМИНОВ, шығыстанушы, тарих ғылымының докторы:
– Ән-Навави, мысалы, «шафиғи» мәзхабында болған. Көбіне ғылымда олар «традиционалистер» атымен тараған. Бұл мәзхаб біздің Орталық Азияда дәстүрлі мәзхаб болып есептелмейді. Ал Мухаммад ибн-Абдул Уахабтың мәзхабы «ханбали» мәзхабы болған, ол – көбірек Араб түбегінде тараған мәзхаб. Біз үшін ол да дәстүрлі емес.

Айдар АБУОВ, Әділет министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры:
– Ақиқат іздеймін дегеннен бастайды. Кей кездері ақиқат іздеймін деген кезде оған дұрыс бағыт көрсетпей, арнайы соларды іздеп жүрген адамдардың қолына түсіп қалады.
– Яғни бар ғой бізде солай іздеп жүрген адамдар?
– Иә, иә, іздеп, сондай әрекет жасап жүрген адамдар жоқ емес.

Бақтығали ШАПИЕВ, Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері, философия ғылымының кандидаты:
– Ондайлар жоқ дейміз ғой біздің Астанада. Шындығында олар бар. Олар тек тіркелмеген. Олар жасырын түрде өздерінің жұмысын халық арасында жүргізеді. Көшеде байқайсыздар ма, мынау «Таблиги жамағаттың» өкілдері жүреді. Пәкістанша киініп алған, сақалдарын жіберген... Сол сияқты  оларды дағуатшылар дейді. Немесе жаңағы уахабшылардың өкілдері... көріп жүрміз ғой оларды.

АДАСҚАНДАР
Лаңкестікке қатысты қаралатын істер Қазақстанда да жиілеп кетті. Ақтөбе қалалық сотында өткен аптада үш жігіттің ісі қаралды. Олар былтыр  шілденің 23-інде Атырау облысы арқылы Ресейге өткелі тұрған жерінен ұсталды. Соттың пайымы бойынша, Дағыстанға лаңкестік пиғылмен бара жатқан. Енді үшеуі де темір торға жабылмақ. №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Рауия Құспанова Асхат Түркімбаевты – жеті жылға, Серік Ізтаевты – алты жылға, Дәулет Исімбаевты алты жылға басбостандығынан айыру жазасы кесілгенін мәлімдеді.

Үш жігіттің ішіндегі бас көтерері – Асхат Түркімбаев. Екі баласы бар. Ұлы бала-шағасын тастап, бөтен елде соғыспақшы болған дегенге Асхаттың әкесі Қалибай сенбейді. «Бұл балаларға енді облыстық сот та, Жоғарғы сот та араша түспей, жігіттер абақтыға жабылса, біздің елде барлығы тек көрсеткіш үшін жұмыс істейді деген сөз», – дейді Қалибай Түркімбаев.

Ақтөбелік жігіттер Дағыстанға жете алмай тұтқындалса, астаналық бір топ жас Ингушетияда жүріп ұсталған. Солардың екеуіне қазір «Джамаат әл-Фараби» атты лаңкестік топ құрды» деген айып тағылып отыр. Бір-біріне бөле болып келетін Жасұлан Сүлейменов пен Қуат Жобалаев – кезінде бүкіл Целиноград білген Мәжит молданың немерелері. 34 жастағы Жасұлан арбаға таңылған. Мүгедек. «Бірнеше баланы ертіп, Кавказға емделуге барғанмын», – дейді ол. Бір қызығы, Жасұланмен бірге Ингушетияға барған жастарды сот босатып жіберді де, Қазақстаннан шықпаған Қуат Жобалаевты ағасымен қосып, сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Себебі: жігіттердің жалдамалы пәтерінен «Ф-1» гранатасы, «Байкал» пистолеті, флэш карта мен дискілер табылған. Сонымен қатар имам ән-Нававидің хадистері, Мухаммад ат-Тамимидің (Мухаммад ибн-Абдул Уахабтың) кітаптары бар. Яғни олар әртүрлі бағыттағы кітаптарды оқыған. Жан-жақты ізденген болуы керек. Мамандардың айтуынша, осылай талаптанған балалар әдетте дінді жамылған саяси ұйымдардың қармағына түсіп қалып жатады. Діни білімнің жетіспеушілігінен жастар түрлі ағымдарға ермеу үшін алдымен Қазақстанда қауіпті ағымдардың бар екенін ашық айту керек деген ойда кей ғалымдар. Сотталғандардың пәтерінен табылған діни әдебиеттерге ғалымдардың сараптама жасауын өтіндік.

Құрметті оқырман!
Әр жексенбі сайын 20.00 сағатта «Жетінші телеарнадан» ақпараттық-сараптамалық «Нысана» бағдарламасын көруді ұмытпаңыз. Ал «Алаш айнасы» газеті «Нысананы» қонаққа шақырып отырады. Қараңыз, қапы қалмаңыз! «Жетінші арнада» жүздескенше, қадірлі Алаш жұрты!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста