Бүгінгінің Балуан Шолақтары бақ сынасты

Бүгінгінің Балуан Шолақтары бақ сынасты

«Бұл күнде он сегізде менің жасым, Қамалын, бұзып жүрмін қорған тасын» деп жырлаған әнші, ат құлағында ойнаған сері, жауырыны жерге тимеген күш иесі Балуан Шолақ – қай қырынан алсақ та, бүгінгінің жастарына үлгі боларлық тұлға. Азан шақырып қойылған аты Нұрмағанбет болғанымен, жас күнінде саусағын үсітіп алғандықтан Балуан Шолақ атанған өнерпаз 14 жасынан бастап күреске түсіп, дүйім жұртқа әншілігімен, серілігімен, асқан өнерпаздығымен танылған еді. Таяуда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында бозбалалар арасында далалық цирк өнерінің негізін қалаған спортшы, әрі әнші Балуан Шолақ атындағы байқау өтті.

«Халық әні» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен байқауға дәстүрлі ән өнері бойынша дәріс алатын 16-20 жас аралығындағы бозбалалар қатысты. Шарт бойынша байқауға қатысуға сайдың тасындай іріктеліп алынған он жігіт Балуан Шолақ бабаларының әндерін орындаудан және қол күрес пен кір көтеруден сайысқа түсті. Балуан Шолақтың «Ғалия», «Карон палуан», «Дүние-ай», «Сентябрь» секілді әндерін нақышына келтіре, жүректерімен тебірене шырқаған жігіттердің өнерін көргенде қазақтың дәстүрлі ән өнерінің болашағының жарқын екеніне көзің жете түседі. Бірінші кезеңде домбырасын қолға алып, сахнаға салиқалы әнші ретінде шыққан жігіттердің сайыстың екінші кезеңінде жеңдерін түре сала қол күрестіргенін, кірдің тасын көтергенін көріп, «бүгінгінің Балуан Шолақтары осылар-ау» деп көрермен іштей риза болысты.

Сәуле Жанпейісова, Халық әні кафедрасының меңгерушісі:

– Балуан Шолақ бабамыздың атында байқау ұйымдастыру – ең алдымен, біздің оқыту әдістеріміздің бір түрі. Дәлірек айтсақ, балаларға кешегі дүлдүл әншілердің әндерін үйретудің ерекше түрі десек болады. Өткен жылы Біржан салдың 170 жылдығына орай осындай байқау ұйымдастырған болсақ, сәл кешігіңкіреп Балуан Шолақ бабамыздың 145 жылдығына аталмыш байқауды ұйымдастырып отырмыз. Әрбір сал-серінің шығармашылығын жеке қарастырып, қызықты байқаулар арқылы балаларға дәстүрлі ән өнеріндегі тұлғаларды жіті меңгертуді мақсат етіп отырмыз. Біздің балаларымыз кезіндегі сал-серілеріміз секілді жан-жақты болуы керек. Тек ән айтумен шектелмей, білекті, жүректі болса нұр үстіне нұр болады. Жақында қыздар арасында Рәбиға Есімжанова атындағы байқау өткізбекпіз.

Даусы алты қырдан асқан әнші бабаларының ізін жалғаушы өрімдей жас жігіттер ән шырқағанда бірінен бірі өтеді. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттердің ішінен ең мықтысын таңдау қазылар алқасына оңайға соқпағаны анық. Дегенмен Карима Сахарбаева, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкімәнов, Дүйсенбек Өмірәлиевер сынды әрі ұстаз, әрі әнші қазылардан құралған топ байқауда барлық сыннан сүрінбей өтіп, жүзден жүйрік шыққан Төлеген Шакаримовты жеңімпаз деп тапты. Ал екінші орынды Ерназ Халықов пен Есбол Шаңбаев бөліссе, үшінші орын Қаһарман Балынбетов, Бекзат Әбілдин, Жақсыкелді Маясаровтарға бұйырды.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста