Алмат ақынның жастармен кездесуі жалғасуда

Осы айдың басынан бері Қазақ ұлттық аграрлық университетінің барлық факультеттерінде талантты ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, бірқатар поэзиялық жинақтардың авторы Алмат Исәділмен «Ұлт руханиятын көтерудегі білімді жастардың рөлі» тақырыбында мазмұнды кездесу кештері ұйымдастырылып келеді. Алғашқы жүздесу «Технология және биорерурстар» факультетінде, одан кейін «Ветеренария» факультетінде табысты өтті.
Жуырда бұл мәдени шара «Орман, жер ресурстар және жеміс- көкөніс шаруашылығы» факультетінде жалғасын тапты. Ақынмен кездесу кешін факультет деканы, экономика ғылымының докторы, профессор Құрманкүл Абаева кіріспе сөзбен ашып, студент жастардың шығармашылығына серпін берудегі университет жітістіктеріне, факультет табыстарына тоқталды.
Ән мен жыр қатар өріліп, еркін пікір алмасу жағдайында өткен әсерлі кездесуді ақын Алмат Исәділдің әріптес-досы - Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Мұхтар Байбатшанов жүргізіп, кеш иесінің шығармашылығы жөнінде тұщымды әңгімелер айтты.
Кездесуге сондай-ақ университеттің Халықаралық байланыстар және интвестициялар жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Аюп Ысқақов, «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру басқармасының бастығы Ғалия Хасиетова, оқу орнының баспасөз хатшысы, ардагер журналист Қанат Тәкебай, «Мәдениеттану» кафедрасының қызметкері, әнші-композитор Қанат Әмірханов қатысып студенттерге рухани әңгіме айтып, өз ойларын ортаға салды.
Бұл университет қашанда шығармашыл жастарға қолдау көрсетуден танған емес. Бүгінде оқу орнында дарынды студенттерге арналған түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Университет басшылығы жастардың мәдени өмірін қызықты да жан-жақты ету үшін барынша жағдай жасап келеді. Осы бағытта оқу ордасы шаңырағында белгілі ғалымдармен, әдебиет пен мәдениет өкілдерімен танымдық кездесу кештері жиі ұйымдастырылып тұрады.
«Ұлт руханиятын көтерудегі білімді жастардың рөлі» тақырыбын қамтыған кештерді ұйымдастырудағы басты мақсат университеттің дарынды, білімді де өнерлі ұл-қыздарын шығармашылық ізденістерге тартып, олардың тырнақалды туындыларының баспасөз беттерінде жариялануына ықпал етіп, қаламдарын ұштап, шабыттарын шыңдау. Сондай-ақ, алдағы уақытта университеттегі жас қалам иелерін әдеби үйірмелерге тартып, олардың шығармаларын арнайы жинаққа топтастырып, жарыққа шығару жоспары да бар.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста