Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа елден жасырған жарын көпшілікке таныстырды. Әнші сөз арасында келіншегіне ұсыныс жасамағанын, әпкесі Роза Әлқожаның айтуымен шаңырақ көтергенін де жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ.
"Бірінші ата-анамды ойлап үйлендім. Екіншіден әпкем Розаның айтуымен үйленіп алдым.
Ұсынысты да мен жасамадым. Әпкем "Сүйген қызың бар ма? Нөмерін бер" деп сұрады. Сосын Мейіргүлден "Тұрмысқа шығуға дайынсың ба?" деп сұрады одан. Шыны керек, ұсынысты естігенде Мейіргүл жылап жіберді", - деді Әбдіжаппар Әлқожа.
Ал бірнеше жылдан соң ел алдына шыққан әншінің жары Мейіргүл сүйгенін қызғанатынын, бірақ оны көрсетпейтінін жеткізді.
"Қызғаныш болмайды емес, болады. Бірақ, енді қызғанышты басамыз ғой", - деді әншінің келіншегі.