«Жаңа оқулықтар – эксклюзивті гуманитарлық кітапхана»

«Жаңа оқулықтар – эксклюзивті гуманитарлық кітапхана»
Осыдан бір жыл бұрын ҚР Президентін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланған еді. Осы орайда жақында Астанадағы Назарбаев орталығында Елбасының қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған алғашқы кітаптар таныстырылды.

Жиында Мемлекет басшысы «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісінде үлкен маңызға ие екенін айтты. «Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуы тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмы­сына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітап­тың таныстырылымына жиналып отырмыз», – деді Елбасы.
Елбасының тапсырмасы бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілін­дегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру мақ­сатында Ұлттық аударма бюросы құрылған болатын. Осы бюроның дирек­торы Рауан Кенжеханұлының айтуынша, 1 жыл ішінде біршама жұмыс атқарылған, сондай-ақ ол жаңадан шыққан 18 оқулықты таныстырды.

Аударылған оқулықтар: Дерек Джонстонның «Фило­софияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін», Энтони Джон мен Патрик Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы, Антика философиясы» (4 томдық, І том) және «Батыс философиясының жаңа тари­хы, Орта ғасыр» (4 томдық, ІІ том), Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы», Дэвид Бринкерхофтың «Әлеуметтану негіздері», Джорди Ритцердің «Әлеуметтану теориясы», Элиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе», Дуэйн П.Шульц пен Сидней Еллен Шульцтің «Қазіргі психология тарихы», Дэвид Майерстің «Әлеуметтік психология», Грегори Мэнкью мен Марк П.Тейлордың «Экономикс», Дональд Ф.Куратконың «Кәсіп-керлік: теория, процесс, практика», Рикки В.Гриффиннің «Менеджмент», Карен Армстронгтің «Иудаизм, Христиандық пен Исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны», Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хаймстің «Тіл біліміне кіріспе», Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», Алан Барнардтің «Антропология тарихы мен теориясы», Клаус Шваб­тың «Төртінші индустриялық револю­ция» атты оқулықтары.
Н.Назарбаев, ҚР Президенті: Қазақстандықтар «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақалаға жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр, бағдарламалық мақаланың жекелеген бағыттары жер-жердерде жүзеге асырылуда. «Барлық өңір «Туған жер», «Киелі жерлер­дің географиясы» және «100 жаңа есім» жобаларына отандастарымыз белсенді атсалысып жатыр. Бір жыл ішінде меценаттар қара­жаты есебінен әлеуметтік инфра­құры­лымды дамытуға ондаған мил­лиард теңге бөлінді. 700-ден астам мәдениет ескерткіштері жөнде­ліп, қайта қалпына келтірілді. Жүзде­ген ғылыми экспеди­циялар ұйымдас­тырылды». «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «100 жаңа оқу­лық» жобасының әлеуметтік-гу­манитарлық сала үшін маңызды орасан. «Бүгінгі алғаш­қы зияткерлік транш АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швей­цария сияқты алдыңғы қатарлы елдер­дің ең үздік ғылыми еңбектерін қамтиды. Бұл кітаптармен танысуға мүмкіндік алған жастарымыз көп емес. Бұл – ауқымды энциклопедиялық ізденіс арқылы адамзат дамуының көкжиегіне жол ашатын кезең. Бүгінде зияткерлік даму үдерісінен туындаған тың серпіннің арқасында рухани революция бастау алып келеді» деді Президент.

Елбасының айтуынша, қазіргі жағдайда әлемнің дамуы көбіне инженерлік ғылымның деңгейіне байланысты және озық технологияларды пайдаланудың мақсаттарын ұғыну маңызды. «Ғылыми таным – заманауи ұлттың бәсекеге қабілетті болуының басты шарты. Жаңа оқу­лықтар білімнің нағыз энциклопе­дия­сы болып саналады. Бүгінде оқу әдісі ғана емес, сондай-ақ оның мазмұны да маңызды. Осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бес жылға арналған жалпыұлттық білім беру ісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді» деді Мемлекет басшысы.
Мұндай кешенді бағдарлама басқа мемлекеттерде сирек кездеседу. «Жаңа оқулықтар – эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Бұл оқу­лық­тар көпшілік үшін кітап түрінде, электронды онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістері­нің видео­текасы сияқты үш форматта қолжетімді болмақ. Кітаптар латын қарпінде басып шыға­рыл­ғаннан кейін, оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алатын болады» деді Н.Назарбаев.
Сонымен осы бағдарламаның арқасында Қазақстанда аударма ісінің жаңа мәдениеті қа­лыптасты.Елбасының «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы жастарымыздың бола­шағы үшін жүзеге асуда. Сондықтан да өскелең ұрпақтың оны іске асы­руға белсенді түрде атсалысқаны дұрыс. Елбасы үштілділік қағида­тын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, биыл бірнеше шетелдік оқулықты орыс тіліне де аудару мәселесін қарас­тыруды тапсырды.
Н.Назарбаев Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық аударма бюросына біршама тапсырма берді. «Біріншіден, 2018 жылға жоспарланған 30 кітаптың әрі қарай сапалы аударылуын және басылып шығуын қамтамасыз ету керек. Қаржыландыру уақтылы әрі толық бөлінуге тиіс. Келесі жылы аударылады деп жоспарланған оқу­­лықтар өз уақытында іріктеліп, тал­даудан өткізілуі керек. Екіншіден, бұл оқулықтарды білім беру үдерісіне тиімді түрде енгізу – маңызды міндет­тердің бірі. Осы оқулықтар бойын­ша оқытылатын пәндер жаңа оқу жылы­ның білім беру бағдарламалары­на енгізілуі қажет. Үшіншіден, ғы­лыми тәжірибеде қолданылатын бар­лық терминдерді жүйелендіріп, гу­манитарлық және экономикалық лексиканың жаңа түсіндірме сөздігін шығаруды тапсырамын. Төртіншіден, оқулықтар кәдімгі кітаптар сияқты басылып шығуы керек. Сонымен қатар онлайн білім беру ісін дамыту қажет. Қазір дамыған елдерде виртуалды университеттер бар. «Қазақстанның ашық университеті» жан-жақты қолдау табуы керек. Ашық лекциялар видеотекаларының және солардың негізінде дайындалатын оқулықтардың сапасын қадағалауға ерекше назар аудару қажет. Бесіншіден, «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми аударма мектептерін дамыту ісінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан аударма саласында тәжірибенің, білімнің және кәсіби дағдының жүйелі дамуын қамтамасыз ету керек» деді Мемлекет басшысы.
Ұлттық аударма бюросының ­­­­ди­ректоры Рауан Кенжеханұлы атап өткендей, жоба жұ­мысына еліміздегі іргелі оқу ­орын­дары, гуманитарлық бағыттағы ­­ғ­ы­лыми-зерттеу орталықтарының ­­­ма­ман­дары тартылған. ­­­­­­­­«­­­Ау­дарманы мейлінше сапалы шығару үшін жұмысқа тәжірибелі аудар­машылар мен жоғары оқу орын­­дарының ұстаздары шақырылған. Ғылыми редакция жасауға еліміздің белгілі ғалымдары, әдеби редак­цияға қарымды қаламгерлер, білікті редакторлар мен баспагерлер тартылды. Қазір бұл жұмысқа ­­200-ге тарта маман қатысуда. Сондай-ақ ғылыми аудармасы жолға қойылған елдердің тәжірибесі мұқият зерттелді. Іргелі аударма технологиясының бірі дүниежүзінің 181 мыңнан аса аудар­машысы қолданатын арнайы тұғырнама ұсынылды» деді ол.
Егемендігімізге қол жеткізген алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңнің өзінде талантты да талапты жас буынды әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орын­дарына жіберіп, олардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасаған болатын. Бүгінде жастарымыздың шетелде оқып, тәжірибе жинақтауы қалыпты жолға қойылған.Өйткені Елбасы жастардың жоғары деңгейде білім алуын үнемі қадағалап отырады. Енді міне, Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асыры­лып отыр. Елімізде ғылым мен бі­лімді дамытып, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуды мақсат етіп отырғанда қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтардың маңызы зор. Бұдан кейін де ана тіліміз кең қанат жайып, ғылмы, білім өркендей еретіні хақ. Айша Нұржанқызы
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста