Студенттер «Энергияны үнемдеу-біздің болашағымыз» атты флэш-моб өткізді

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде тәрбиелік іс-шара флэш-моб ұйымдастырылды. Бұл флэш-моб «Энергияны үнемдеу-біздің болашағымыз!» атты тақырыпта өтті.
Іс-шараға АҚШ, Испания, Қытай, Ауғанстан, Түркия, Вьетнам, Ливан, Оңтүстік Корея, Жапония, Монғолия, Швейцария, Германия, Иран және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін оқу үшін Қазақстанға келген шетелдік студенттер қатысты. 
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов: «Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін нәрсе – білім» деген екен. Әлемнің әр түкпірінен келген жүздері басқа болғанымен жүректері білім мен өнерге құштар, тілдері басқа болғанымен тілектері тоғысқан жастар осы флэш-моб іс-шарасына белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Бұл іс-шараның мақсаты электр қуатын үнемдеуге, студенттің экологиялық санасын тәрбиелеуге, электр қуатын үнемдеу бойынша алған білімін тәжірибеде қолдана алуға үйрету болып табылады. Іс-шара барысында электр қуатын үнемдеу туралы әртүрлі кең көлемдегі мәселелерді қамтитын және өзекті болып табылатын ауқымды мәселелер жайлы ойлар ортаға салынып, қызу талқыланды.
Электр қуатын үнемдеу туралы бейне түсірілім көрсетіле отырып, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А.С. Айтпаева сөз алып, электр қуатының қалай алынатыны, қайда қолданылатыны, оны неге үнемдеу керектігі жөнінде сөз қозғап, жан-жақты түсіндіре отырып, терең мазмұнда түсінік берді.
Студенттер оқытушының электрстанциялар қандай болады, бұл электрстанциялардың жұмыс істеуі үшін не қолданатыны, электр қуатын ойланбай қолданатын болса не болатыны туралы қойған сұрақтарына жауап берді. Студенттер талқылауға белсене қатыса отырып, электр күшін үнемдеу керек деген мәселемен келісетіндерін білдірді.
Одан кейін осы кафедраның оқытушылары Саденова А.Е. Койлыбаева С.С. «Электр қуатын үнемдеу бойынша сіздердің ақыл-кеңестеріңіз» туралы сауалдама жүргізді. Студенттер өз ақыл-кеңестерін айтты. Барлық студенттер электр қуатын қалай үнемдеу керектігі туралы ескертпе қағаздар алды.
Жиналған шетелдік студенттер электр қуатын үнемдеу туралы сөздерді қағаздарға жазып алып флэш-моб жасап, іс-шараның мазмұнын толықтыра түсті. Іс-шара соңында студенттер қызық флэш-моб түрінде өткізілген тәрбие сағаты үшін алғыстарын білдірді.
«Энергияны үнемдеу-біздің болашағымыз!» атты іс-шара қызу флэш-моб түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар ол электр қуатын үнемдеуге үйретуге өз үлесін қосты деп санауға болады.
Саденова А.Е., Айтпаева А.С.,
Қойлыбаева С.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және 
жалпы білім беру дайындығы 
кафедрасының оқытушылары

Алаш айнасы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста