Бір бай қымбат қонақүйге түседі. Кешкісін қызметші келіншекті шақырып алып:
– Қарындас, мені таңғы алтыда оятыңызшы. Бірақ мені екі бетімнен кезек-кезек сүймесе оянбаймын.
– Жарайды, кезекші жігіттерге ескертіп қоямын ғой...
***
Әйелі күйеуіне:
– Соңғы кезде ұйқым қанбай жүр.
– Онда ертең театрға барайық.
***
Тергеуде:
– Сіз неге қорғаушыдан бас тарттыңыз.
– Бәрібір сотталамын ғой...
***
Біреу дәріханадан алдын ала дайындауға берген дәрісін алуға келеді:
– Мынауыңыз түр-түсі жаман, түсініксіз дәрі ғой.
– Сіз берген рецептегі дәрігердің жазуы да түсініксіз екен...
***
Күйеуі әйеліне:
– Мынауың сорпа емес, құр су ғой...
– Енді сорпа қою болушы ма еді?!.
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора