Ұлттық музыкаға классикалық статус беру керек пе?

Ұлттық музыкаға классикалық статус беру керек пе?

Әр халықтың төл музыкалық өнері «халық музыкасы» деп аталатыны ежелден мәлім. Б.Ерзакович, А.Затаевич, А.Жұбановтардың зерттеулерін қарап шықсаңыз, көзіңіз жетеді. Соңғы уақытта қазақ халқының ұлттық музыкасын дәстүрлі музыка, нақтырақ айтсақ, дәстүрлі ән мен күй деп атап жүрміз. Халық музыкасының қазақтың музыкалық мұрасының сызат түспеген, мөлдір қайнар бұлағы, бастауы екеніне ешкім таласа алмайды. Дегенмен төл өнеріміздің деңгейі әлем сахнасынан орын алған, биік дәрежелі классика екенін білуіміз және мойындауымыз қажет. Онсыз да классикалық статусы кәсіби өнертанушылар тарапынан дәлелденген музыкамыздың қалай аталғаны жөн? Себебі қазақтың ұлт ретіндегі дүниежүзіндегі рөлін айқындайтын басты бейнесі – салт-дәстүрі, музыкасы және өнері.

ҮЛКЕН ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛКЕН ӨНЕРІ
Қазақтың музыкасын зерттеуге елеулі үлес қосқан – Жұбановша айтар болсақ, «қазақ­­тың жанашыры» Александр Затаевич. Ғалым өзінің «Қазақ халқының 1000 әні» жи­нағының кіріспесінде 6 млн жан қазақтың басынан небір қиындықты, ашаршылықты, зұл­матты жылдарды өткере келе, көш­пен­ді­ліктен отырықшылыққа ауысқанын, жас­та­ры­ның санасының оянғанын, оқуға ұмтылып, рухани байлығын іздеп, бағалай бас­та­ған­ды­ғын айтады. «Осындай жағдайда жаңа саяси және экономикалық өмірдің алаңына шыққан осы үлкен халықтың рухани бейнесін жа­қы­нырақ тануға құлшыныс туады. Сол арқылы қазақ­тың жалпы адамзаттың рухани жаулау қа­зы­насы мен халықтардың мәдени же­тіс­тік­те­ріне қосқан үлесін қосудағы орнын ба­ға­лау­ға мүмкіндік туды», – дейді ғалым қазақ­тың музыкалық мұрасын зерттеуге енді кі­ріс­кен шақта. Затаевич бізді санымыз азғана бол­са да, «үлкен халық» деп танып отыр. Үлкен халықтан үлкен өнердің шықпауы мүм­кін емес. Әлем мойындаған Абайдың ән-күйлерін қоспағанда, өлеңдері, Құр­манға­зы­ның күйлері, Біржанның әндері, классикалық дәрежедегі авторы беймәлім халық әндері тек екі шекті домбыраның сүйемелдеуінде ғана орындалмай, «классикалыққа лайықты» деп есептейтін еуропалық музыкада да кө­рі­ніс тауып жүр. Жәния Әубәкірова, Ақтоты Райым­құлова сынды төрткіл дүние мойын­даған музыканттарымыз шетелді батысеу­ро­палық музыкамен емес, тек ұлттық му­зы­ка­мыз­бен ғана таңғалдырып жүргендігін айта­ды. Классиканың шыққан отаны өнерімізге таң­дай қағып отырса, демек, біздің му­зы­ка­ның да классикалық болғаны ғой?!
Мұрат ӘБУҒАЗЫ, күйші, өнертанушы:
– Қазақтың қаншама ғасырдан бері тамыры үзілмей келе жатқан мұ­ра­сын бірыңғай «классикалық музыка» деп атау дұрыс емес. Басқа халықтардың та­ласпайтыны бұл – қазақтың дәстүрлі, төл музыкасы. Бірақ дәстүрлі музыка «клас­сика емес» деп айтуға келмейді. Қа­зақта Абайға дейін де қаншама ақын болған. Бірақ Абай – классик ақын. Себебі оның өлеңдері, ойлау деңгейі, поэзиясы әлемдік өреде, қанша ғасыр өтсе де, саф алтындай құнын жой­май­ды. «Классика» ұғымы халықтың ішінен шықса да, қанша уақыт өтсе де, құнын жоймайтын, мазмұны терең, құрылымы кемел мұраға қатысты айтылады. Осы тараптан келгенде, Құрманғазының күй­лерін қалайша классикаға жат­қыз­бай­сың? Егер классикалық деңгейде бол­маса, ЮНЕСКО Құрманғазының «Сары­арқасын», бүкіл әлем Әмірені мойын­дай ма? Барлығы өнердің сал­ма­ғына байланысты. Қазақ халқы үшін Абайдың мұрасы қандай асыл болса, Құр­манғазының «Сарыарқасы», «Тө­ре­мұ­раты», Тәттімбеттің «Саржайлауы» сон­дай асыл. Аталуы дәстүрлі бол­ға­ны­мен, деңгейі классикалық. Дәстүрлі му­зыка дегенді ысырып тастай ал­май­мыз. Тек классикалық деп атасақ, еу­ро­палық форматта операға арналып жазылған ба, домбыраға жазылған ба, түсініксіз болып қалады.
Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, композитор, өнер­танушы:
– «Классика» деп айту оңай,ол – жай сөз ғана. Біз, мысалы, кон­сер­ва­то­рия­да қазақтың халық классикасы деп атай­мыз. Классика «сленг» іспетті, клас­сика деп Еуропада жазылған нәр­сені атаймыз. Еуропалық уақыттан келе жатқан симфониялық оркестрдің клас­си­калық құрамын еуропалық құрам деп атайды. Ал біз неге қазақтың дәс­түр­лі музыкасы деп атаймыз? Өйткені ол классика болмаған соң деп қара­май­мыз. Ол да – классика. Бұл жерде әртүрлі түсінік бар. Мұны оғаш қарау деп түсінбеу керек. Музыкант ретінде мен үшін «дәстүр» деген сөз төмендету емес, «классика» дегеннен де биік ес­ті­леді. Біз өз дамуымызды тек Қазақ­станда, қазақ халқы ретінде ғана қара­май, жалпы дамуда қарамауымыз ке­рек. Классика – батыста дамыған еу­ро­па­лық даму түрі, классикалық өнерді дамытатын қазіргі заман өнері. Ал біз­дегі дәстүрлі өнердің дамуы – дәстүрдің жалғасы. Бұл – біздің өнер. Тіпті за­ман­ауи кәсіби композиторлар, біздер де, классикалық өнер бола алмаймыз. Біз олардың жанрын, оркестрлік құрамын пайдалана отырып, өзіміздің идея­ла­ры­мызды олар түсінетін тілде береміз.
ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАСЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ
Өнер жанашыры Ерлан Төлеутай 1971 жылы Мәскеуде дүниежүзінің музыка май­тал­мандары жиналған Халықаралық му­зы­ка симпозиумын тілге тиек етті. Сол кез­де әлемнің араб, жапон, қытай, үнді, басқа да ірі ұлт елдері арасында өз музыкаларын классикалық деп атау төңірегінде үлкен дау болыпты. Кей халық ұлттық ерекшелігін дә­лелдеп, музыкасына классикалық статус алып алыпты. «Ал біздің музыкамызды клас­сикалық деп атауымыз әуелі әлемдік өр­кениеттегі алар орнымыз, саясатымыз үшін қажет» деп санайды зерттеуші.
Ерлан ТӨЛЕУТАЙ, әнші, өнертанушы:
– Қазақтың әлемдік өркениетке қосқан бірден-бір үлесі – музыка. Қазақ­тың ХІХ ғасырдың екінші жарты­сын­дағы му­зыкасы бүкіләлемдік клас­си­калық музыка талаптарына жауап береді. Дүние­жүзілік ғалымдар көш­пе­лі­лер музы­касы үлкен ғаламдық дең­гейге жетті деп баға берді. «Дәстүрлі му­зыка» атауы Тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Оған дейін бірінші кәсіби му­зык­атанушы Ахмет Жұбанов, Ілияс Ома­ров, Жексенбек Еркімбеков Ерза­ко­вич, Затаевич қазақтың музы­ка­сын клас­сикалық музыка деп атады. Сол кезде әлемде қай халықтың музы­ка­сы клас­сизм талаптарына жауап бере­ді?» деген әлемде үлкен даулар бол­ды. Орта ғасырдан 1970 жылдарға дейін клас­си­калық музыка атауы Еуропа му­­зы­ка­сына ғана тән болды. Басқа ха­лық­тар дәс­түр, фольклорлық деңгейде қалған деген түсінік қалыптасқан. Қазақ­­тың өз ішінде қалай атасақ та бо­лады. Бірақ атауы­ның классикалық деп аталуы елдің мәдени саясаты үшін керек. Сырт­көз ретінде жарнама алдына жиналған қауымды қарасам, олар дәстүрлі му­зы­ка концертін фоль­клор­лық, жай ғана «жар-жар» деңгейіндегі тұрмыс-салт өнері деп қа­был­дайды. «Қазақ­тың клас­сикалық әні» десе, «Апырмай» деп ел қызықпай ма? Қазақ ешқашан мы­нау классикалық не дәстүрлі ән демеген. «Асқақ ән», «халық әні», мынау Арқа­ның әні, Жетісудың са­рыны» деп қолқа салып сұрайтын. Қазақ халқы қандай му­зыка шығар­ғанын анық­тап алуы керек. Қазақтың музыкасы – қазақтың жаны. Оны алып тастасақ, қазақ­та түк қалмайды. Біз қазір құн­ды­лықтың орны ауысқан заманда тұрмыз. Эстрада алға шығып, төл өнеріміз екінші кезекте қалды. Тобыр үшін «эстрада» деген – аты күшті, батыстың, өркениеттің сөзі. «Дәстүр» деген – «мырқымбайский, ауыл­байс­кий, қазақбайский, колхоз, мам­бет­с­кий» дейді. «Эстрада» деген – Америка, Стинг, рок, Битлз, Мадонна. Арнайы мемлекеттік заң, идеология арқылы қолға алып, ұлттық музыканы қорлаған, тіл тигізген, кір келтіргендерді ҚР заңына сәйкес жауапқа тарту ке­рек.
ӨЗ АСЫЛЫМЫЗДЫҢ БАҒАСЫН БІЛСЕК
Өнер­танушылар Әсия Мұхамбетова мен Гүлнар Бегалинова көтерген мына мәселе бүгінгі мәселенің себебін ашып тұрғандай: «Қазақтың дәстүрлі және қазіргі заманғы (композиторлық және бұқаралық) му­зы­касы БАҚ-та тіпті оны тысқары ай­на­лып өтуге болмайтын кезде де естілмейді. Бізді ауыл, табиғат пен экология, әскери қызмет, ха­лықтық дәстүрлер мен мере­келер, Қазақ­станның тарихы мен өнеріне қатысты бағдарламалар ауылдық ақкө­ңілділікпен Батыс Еуропаның XVIIІ-XIX ғасыр­лар музы­касымен әрленуі керек деп үйретіп тас­та­ған. «Бұл жерде орыстың, Латын Аме­ри­ка­сының не үндінің музыкасы неге беріл­ме­ген?» деп сұрала қалса, еуропалық клас­сиканың теңдесі жоқтығы туралы түсінік тұрады. Ол да – басқа классикалық музыка секілді өз заманы мен өз туған жерінің өнері. Оған әлемдік тең­десі жоқ өзіндік «музыкалық эсперанто» ста­тусының берілуі, Ален Даниэл ескерт­кендей, оның өзінің бұзылу қаупін туды­рады. Өркениетті БАҚ-та француз рево­люциясы туралы хабар­ды Чайков­с­кий­дің, итальяндық көр­кем­сурет хақын­дағы ха­барды Сибелиустың музыкасымен, ағыл­шын шахтерлерінің өмірін шве­йца­риялық йодльмен әрлеуге бол­майды. «Ұлы сурет­шілер әлемі» («Мир великих художников») топтамасында му­зы­калық рет дәуір мен мәдениетке қарай тарихи-стильдік бай­ланыс қалай қатаң сақталған десеңіз­ші?! Бізде музыкалық редакторлар кәсіби деңгейде емес, не редакцияда ондай қыз­мет жоқ. Дәстүрлі классикалық музыканы түсінбеуін көпшілік қазіргі заман адамдары болғандықтан, әр заманның өзіне сай талғамы бар екенін ай­тып, өткен дәуір музыкасы оларды селт ет­­кізе алмай­тындығын айтады. Негізгі ақи­қат дәстүрлі музыкалық тілді түсін­беуінде жа­тыр».
Бұдан артық пікір айта алмасымыз анық. Классикалық дәрежедегі өз асы­лы­мыз­ды өзге елде ғана гауһардай жар­қы­рат­пай, өз елімізде де бағасын біліп, қа­ді­рі­не жеткен уақытта ғана әр нәрсе өз орнына келеді. Басты мәселе – осында.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста