Алматы облысы ТЖД қызметкерлері балықшыны жағаға тасымалдауға көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«4 қаңтар күні сағат 15:41-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне ер адамның ауырып қалғаны және оны тасымалдауда көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы дереу жіберілді», - деп көрсетті Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Жағадан 1,5 шақырым қашықтыққа балық аулаған азамат кенеттен ауырып қалып, құтқарушылардан көмек сұраған.
Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының күшімен азамат жағаға жеткізіліп, медициналық жедел-жәрдем қызметкерлеріне берілді.