Полицейлер сұлулық салонында жұмыс жасайтын шаштаразды алдаған алаяқты анықтады

Полицейлер сұлулық салонында жұмыс жасайтын шаштаразды алдаған алаяқты анықтады

Түлкібас аудандық полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша жергілікті тұрғын шағым түсірді. Сұлулық салонында жұмыс істейтін жас әйелдің айтуынша, өзіне жақын таныс емес, яғни оған келіп жүретін клиент «мемлекет тарапынан қайтарымсыз 1 миллион 200 мың теңге көлемінде несие алуға көмектесемін» деп ұсыныс білдірген.

Оған сенген тұрғын 2022 жылдың қыркүйек айында 300 мың теңге беріп, соңында не ақшасын, не оны алған адамды таппай қалған. Ақпарат бойынша полиция қызметкерлері алаяқтың жеке басын анықтау мақсатында, қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Куәлардан сұрастырып, бейнебақылау камералары арқылы сезіктінің тұрғылықты мекенжайын анықтауға жұмыс жасады. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алынды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер алдағы уақытта жәбірленушілердің саны артуы мүмкін екенін алға тартады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста