Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Мақпал Жүнісованың біраз шындықты бүгіп қалғанын айтты. Ол бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.
Ол әкесі өмірден өткен күн туралы толық білгісі келеді.
"Сол күнді, әкемді өлтірген күнді айтып берсе, басынан бастап. 12 қараша ғой. 10 қарашада, 11 қарашада не болғанын маған айтып берсінші. Көп сұрақ бар менде. Ол үйде әкем, Мақпал, тағы бір (адам - еск.), үш-ақ адам болды. ...Аман болсыншы. Тек сол күнді айтып берсін", - дейді ол.