Италиядағы су тасқынынан 14 адам қаза тапты

Жұма күні Италияның солтүстігіндегі Эмилия-Романья аймағында су тасқынынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Равенна қаласының билігі екі шағын қаланың тұрғындарын дереу эвакуациялау туралы шешім қабылдады және мүмкіндігінше халықты саяхаттаудан аулақ болуға шақырды, өйткені қауіп деңгейі әлі де ең жоғары қызыл деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 
Аймақтың эвакуацияланған 15 мың тұрғынының жартысына жуығы өткен түнді қонақүйлерде немесе асығыс жабдықталған спорт залдарында өткізуге мәжбүр болды.

Зардап шеккен аймақтың көптеген қалаларында адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жылжымалы асханалар жұмыс істеп жатыр. Су аздап тартылған жерлерде тұрғындар үйлерін тазалауға кірісті, дегенмен көптеген тұрғындар су деңгейінің жоғары болуынан әлі күнге дейін далаға шыға алмай отыр.

Равеннаның өзінде нөсер әлі тынбай тұр, қала мэрі Массимо Изола қаланы қоршап тұрған төбелерде орналасқан ауылдардағы апатты жағдай туралы хабарлады. Көшкіннің жүру қаупі жоғары, бұл аймақтарға құтқарушылардың жетуі өте қиын.

Дегенмен, жұмыс жалғасуда, құтқарушылар су тасқынынан зардап шеккендерді әлі эвакуациялап жатыр.

Италияның солтүстігінде 36 сағат бойы жауған толассыз жауынның салдарынан жарты жылдық жауын-шашын түсіп, келтірілген шығын миллиардтаған еуроға бағаланып отыр.

Су тасқыны Имоладағы «Формула-1» жарысын да тоқтатуға мәжбүр етті.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста