"Ит аулаға кіріп кеткен": Өскеменде ит талап өлтірген қыздың туыстары өз нұсқаларын айтты

Өскеменнің іргесіндегі Лесхоз ауылында ит шабуылынан қаза тапқан қыздың туыстары жәбірленушінің өліміне қатысты өз нұсқаларын айтты. Олардың айтуынша, қаңғыбас ит үйдің ауласына кіріп, ойнап жүрген қызға тарпа бас салған, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қайғылы оқиға Лесхоз ауылында болды. Қыз бала үйдің ауласында ойнап жүрген, барлығы сол жерде болды. Ит қоршаудан өтіп кетіп, балаға шабуыл жасаған. Қоршауда ит болған, бірақ ол оқиғадан кейін бір жерге жоғалып кеткен. Қыздың ата-анасы ес-түссіз күйде отыр...", - дейді көз жұмған қыз баланың туысы.

Ал, Лесхоз тұрғындарының айтуынша, бүгін қайғылы оқиға болған ауданда жабайы жануарларды аулау қызметі жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, 17 желтоқсанда ит жеті жасар қызға шабуыл жасаған еді. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазған.

Олардың сөздерінше, бұл аймақта қаңғыбас иттердің тұрғындарға шабуылы таңсық жағдай емес. Мұнда үйсіз жануарлар жақын маңдағы тұрмыстық қоқыс үйіндісіне келеді және олар адамдарға жиі шабуыл жасайды.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын айтты. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпараттар жария етуге жатпайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста