"Дым болмады деген күнің өзінде 700 мың табамыз": Үйге тапсырыспен шығатын аспаздар айына қанша табады?

Қазіргі таңда ауқатты отбасылар немесе бір емес, бірнеше жұмысты алып жүрген әйелдер жағдайы жетсе, жалдамалы аспаз шақырады. Ал сол аспаздардың осы қызметі қанша тұрады? Stan.kz тілшісі алматылық жалдамалы аспаздармен байланысып, айлық табысы қанша екенін және өз жұмысындағы қиындықтары туралы сұрап білді. 

Алматылық танымал аспазы Мақпал Нұрғалиева сұранысқа ие аспаздардың бірі. Ол үйіне күнделікті тамақ жасауға шақыратындардың қарасы көп дейді. Көбінесе тойға, банкетке дастархан жаюға шығатын ол үйге күнделікті ас әзірлеуге уақыты бола бермейтінін айтады. Десе де қол астындағы аспазшы қыздарды клиент өтінген күндерге жіберетінін айтады. 

"Күнделікті ас әзірлеуге шақыратын адамның қарасы көп. Бірақ өзім емес, қоластымдағы қыздарды жіберемін. Көп жағдайда жартылайн дайын өнімдерді жасап, мұздатқышқа қатырып кетеміз. Аптасына бір-екі рет барамыз. Бірақ көп жағдайда манты, тұшпараны түйіп жартылай дайындап береміз. Өздері жұмыстан келгенде тек қайнатып жей беретіндей. Қамырын қолмен жайып, етті фарш етіп, бәрін қолмен дайындаймыз. Қазақтар таңғы ас деген ұғым жоқ қой. Көп жағдайда түскі ас пен кешкі асқа шығамыз", - дейді ол.

Аспаздардың үйге келіп бір күндік асыңды әзірлеу бағасы да әртүрлі, келіскеніңе қарай. 

"Баға әр түрлі. Ең арзаны жартылай өнімді қатырып кеткен бір күндік баға 15 мың. Мысалы, мантыға тапсырыс берсе 100 данасын түйіп, мұздатқышқа салып кетеміз. 

Күнделікті ас әзірлеуге сирек шығамыз, өйткені клиенттер біздің бағамызбен келіпей жатады. Көбінесе сырттан келген қонақтар, спортшылар щақырады. Бір аптаға, он күнге шығамыз. Олар қай ұлт асханасын таңдағанына, адам санына байланысты баға қоямыз. Оларға күніне 30 мыңнан басталып, ең жоғары баға 50 мыңнан асады. Сонда он күнде 500 000 мың", - дейді ол еңбегінің бағасы туралы. 

Ал үйге күнделікті ас әзірлеуге арнайы тапсырыс қабылдайтын Назгүлдің осы жұмысты бастағанына 10 жылдан асқан. 

"Күнделікті ас әзірлеуге тапсырыс қабылдап жүргеніме 10 жылдан асты. Тұрақты тұрде аптасына 5 күн баратын клиенттерім бар. 7 жыл болды. Кейбіреуіне тұрақты түрде 10 жылдан асты. Бір үйден алатын айлық табысым - 200 мың. Бір мезгілде екі үйге қызмет көрсетіп үлгере аламын. Аптасына 1-2 рет қана шақыратын үйлер бар, одан 120 мың аламын", - дейді қолынан бал тамған аспаз Назгүл. 

Осы уақытқа дейін жұмысын ұнатпай, жасаған тамақтарына мін тағатын кездері болады екен. 

"Адам болған соң қателеспей тұрмайсың. Кейде жасаған тамақ ұнамай қалады. Үй иесі "тұзы аз бопты" , "еті қатып қалыпты" деп сынап жатады. Ондайда барынша сабыр сақтауға тырысамыз", - дейді өз жұмысындағы қиындықтар туралы Назгүл. 

Астаналық Айжан Үсіпбекованың аспаз болып жүргеніне жеті жыл болған. Ең қызығы, Айжан бұл салада жан-жарымен бірге қызмет етеді. Сондықтан елорадылық тұрғындар ерлі-зайыпты аспазшыларды жақсы таниды. 

"Жолдасым Руслан екеумізді астанада бәрі таниды. Өйткені екеуміз де аспазбыз. Астанада ерлі-зайыпты аспаздар біз ғана. Тапсырысты бөліп аламыз. Екеуміз осы аспаздық әлемінде таныстық", - деген ол тапсырыстың көп екенін жасырмайды. 

Астаналық тұрғындарда оңтүстік шаһардан қалыспай қонақ күтуде дастарханның молдығына ерекше мән беретін көрінеді. 

"Жұма, сенбі, жексенбі күндері той-томалаққа дастархан жаю үшін тапсырыстар көбейеді. Астанада аспаздарды үйіне шақыратын адамдар өте көп. Тіпті босамай қалатын кездеріміз де өте көп. Бір күнге үш-төрт банкеттік дастарханды алатын кездеріміз болады. 

Күнделікті ас әзірлеуге үйіне шақыратын кісілердің қарасы көп. Бірақ көп жағдайда бармаймын. Осы кәсіпті қолға алған жылдары ғана бардым. Ал қазір үйіне шақыратын кісілердің үй қызметшісіне ас мәзірі бойынша жеке мастер-класс өткіземін. Яғни, үйретемін", - дейді пысық келіншек. 

Алғаш үйге ас әзірлеуге барғанда тамақтың тұзын көп салып жіберіп ыңғайсыз жағдайға түскенін айтқан Айжан ондай жағдай болып тұратынын ірікпейді.

"Сол кезде үй иелері түсіністік танытты. Одан кейін үлкен кәсіпкер ағамыздың үйінде манты түйгенде үлкен үлкен етіп, түйіп жіберіп келген қонақтар алдында ұятқа қалып қалды. Осылай қателіктерді жібере отырып үйрендік. 

Бұл қызметіміздің бағасы айлық болып есептелді. Айына 150-200 мың теңге шығатын. Жұма сенбі күндері қонақ келіп жатса онда бөлек үстіне тағы да 25 мың теңге бересіз. 

Қазір үйге шығатын аспаздар күніне 15 мың теңгеден алады. Ал жұмыс тәжірибесін енді бастап келе жатқан аспаздар 7 мыңнан бастайды. Ал өз бағасын білетін өте тәжірибелі аспаздар 15 мыңнан басталып 25-30 мыңға дейін алады. Бұл кезде жай ғана үй тағамдары ғана емес, теңіз өнімдерін, еуропалық тағамдары сынды ас мәзірі болады. Сондай-ақ дұрыс тамақтану мәзірі де кіреді, ұнсыз қантсыз десерттер жасап береміз", - дейді ол. 

Айжан аспаз болудың қыр-сырын әбден үйгенген әккі аспаз. Қазіргі айлық табысы миллиондармен саналады.

"Айлық табысымыз қаңтар айына дым болмады деген күннің өзінде 700 мың таптық. Ал ең көп тапқанымыз 2 миллионнан асады. Бұл демалыс күндері тойға арналған дастархан жайып беретініміз үшін алған ақша. Ал апта күндері командадағы қыздар күнделікті аптасына екі-үш күнге тұрақты түрде үйге барып ас әзірлеп беріп кетеді", - дейді қолынан бал тамған аспаз Айжан. 

 

Жанна МӘЛІК

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста