Дауылдан жарықсыз қалған Жаңатас қаласына электр қуаты берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің Сарысу ауданындағы жұмыс сапары төтенше жағдай салдарын жою бойынша жедел штаб отырысымен түйінделді.
Басқосуда аймақ басшысы ауданның елді мекендерін электр энергиясымен қамту, Жаңатас қаласына жылу беру бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.
Қазіргі кезде Жаңатас қаласына электр энергиясы беріліп үлгерді. Ендігі кезекте орталық қазандықтың жұмысын жандандыру бойынша шаралар қолға алынуда.