Динара Қырықбаеваның бұрынғы күйеуі қайта отбасын құрды. Әнші бұл жаңалыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Экс-жұбайының шаңырақ көтергенін Қырықбаева Instagram оқырмандарынан білді.
"Күйеуіңіз үйленді. Құттықтайсыз ба?" - деп жарыса жазды желі қолданушылары.
"Тамаша жаңалық. Шын жүректен бақыт тілеймін", - деп пікір білдірді Қырықбаева.
Сондай-ақ, үш бала тәрбиелеп отырған әнші ажырасқаннан кейін "күйзеліске түсетін уақыты болмағанын" атап өтті.
Айта кетейік, Қырықбаева 2020 жылдың соңында күйеуімен ажырасқанын хабарлады. Ол экс-жұбайымен араласпайтынын айтқан еді. Сөзінше, үш баласының тәрбиесімен өзі мен ата-анасы айналысуда.