Арзан бағада автокөлік әкеліп беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Түркістан полицейлері арзан бағада автокөлік әкеліп беремін деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, алыс танысы автокөлік алып сатумен айналысатынын және оған Шымкент қаласында арзан бағада Нексиа Ресей автокөлігі бар екенін айтып хабарлаған. Күдікті сенімдірек болу үшін жәбірленушіге WhatsApp мессенджері арқылы өзінің көлігінің суретін жіберіп, одан 200 мың теңгесін алған.

Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген залалдың көлемі 200 мың теңге.

Осылайша тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар жергілікті тұрғынды ұстады. Ол жұмыссыз жүрген, бұрын-соңды осындай алаяқтық жайтымен сотталған ер азамат болып шықты.

Атқарылған жұмыстар барысында анықталғандай, күдікті ескі әдетіне басып, өз арам ойын іске асыру үшін жергілікті тұрғынды жолықтырып, арзан бағада машина алып беремін деген жалған уәдесімен сеніміне кіріп, ақшасын алып алады. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтарылмай 3 ай бойы жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Бұл ретте әрине жәбірленуші өз ақшасын қайтарып алу мақсатында полицияның көмегіне жүгінді. Бүгінде ұсталған күдікті азамат қамауда.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста