"Жолаушылар тасымалы" АҚ техникалық себептерге байланысты "Алматы – Шымкент" қатынасындағы №25/26 Тальго жолаушылар пойызының, 2023 жылғы 6 және 8 қаңтарда Алматы-2 станциясынан және ағымдағы жылғы 7 және 9 қаңтарда Шымкент станциясынан жөнелтілуінің 2 рейсі тоқтатылды, -деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тоқтатылған пойыз орнына жолаушыларды тасымалдау үшін стандартты вагондардан құрылған №505/506 бір реттік пойыз екі рейске тағайындалады. Құрамды Алматыдан жөнелту – 2023 жылғы 6 және 8 қаңтар, ал Шымкенттен ағымдағы жылғы 7 және 9 қаңтар жолға шығады.
Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан тұратын пойызда сапарлағандарға Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетін болады.
Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.