Əлия Іңкәрбек: Жанарымда жазулы еді жыр-қайғым ...

Əлия Іңкәрбек: Жанарымда жазулы еді жыр-қайғым ...

Əлия Іңкәрбек 1997 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. «Тәңіртау» атты тұңғыш кітабы жарық көрген.
Əлия – табиғатынан таза, болмысынан нәзік ақын. Оның өлеңдерінде сезім симфониялары өршіл рухпен қатар өріліп отырады. Поэзияға қосылған жас толқыннан өзіндік өрнегімен айшықталып, суырыла көрінген жас ақынның арда жырлары, сыршыл сезімі оқырманды бейжай қалдырмайды.
Ақынның бұл өлеңдері еш жерде жарияланбаған, сиясы кеппеген жаңа жырлары.

ҚАРСЫЛЫҚ

Такаппар Дүние,
Мені де көрші енді!
Шегір көздерден,
небір сөздерден тіктедім еңсемді.
Мен емес шығармын бақытсыз алғашқы,
Мен емес шығармын сормаңдай ең соңғы!
Ғасырлар жаратпай жылдарды,
Жылдарға жастығым ұрланды.
Сапарға бір шыққан жолдастан,
Қасымда кім қалды?
Менікі аңсау ма жоқ бақты,
Бір мақтау – кеудеме от жақты.
Бір мақтау – езуді жидырмай,
Бір мақтау – күлкімді тоқтатты.
Алдайды. Ойы боп көздеген,
Тең етіп қояды өзгемен.
Болды енді, көп əуре болмаңдар,
Жігіттер, сенбеймін сөзге мен!

СƏЛЕМ

Сəлеміңді теңедім Əлемге мен,
Сөзің қымбат болғаны-ай 'сəлем' деген!
Түндер өтті ұйқысыз, жүзі мұңлы,
Күндер өтті күтумен жан емдеген.
Паңданғанмен Өлеңнің қызымын деп,
Сені ойласам көңілдің түзі гүлдеп...
Жүрегіңді білмеймін, саусағыңда,
Жүзігің жоқ еді ғой, жүзігің жоқ.(?)

Көктем іздеп келемін, көзден Өлең,
Сатпайтұғын сырласым - сөз көнеден!
Қисық-қыңыр мінезді жөнге салып,
Мен сен үшін біржола өзгерер ем!

Əлем саған ынтық па, Əлемге сен,
Осыншама құрметке бөленген соң,
Сен ештеңе айтпашы, өтінемін,
Мен үнсіз қаламын ғой 'сəлем' десең)!

ҚОЛБҰЛҒАР

Əуен-өмірдің ырғағын бұзбайын,
Оқыма жырымды менің!..
Кеудеңде сыздайын,
Сырын білемін
Жүректің,
Жалынды жаныңның
алауы сөнді деп,
Мен сені сағындым!
Тағы да соңғы рет ...
Шыныммен тел өскен Жалғаным,
Сенесің несін?
Мені жоқ өмірді, ардағым
Неге сүресің?
Қалдырып кет бəрін, барлығын
Маған сен! Бітпейді күйбеңің...
Жалғыздық жүдеткен жарлымын
осындай күйдемін!
Күтейін, күтемін сені, ізгім,
Шулайды шағала-күмəн.
Мен бұрын бармаған теңіздің,
Қол бұлға жағалауынан..!

ӨТІНІШ
Сен күткендей болмады...
Қуанып кеп құшағыңа енбедім,
Салқындықпен жерледім.
Жанарымда жазулы еді жыр-қайғым,
Оқымадың, көрмедің!
Мен мəңгілік сені ғана жырлаймын,
дей алмаймын!
Тыныштықта мұңымды,
Өзім ғана тыңдаймын.

Сен күткендей болмады...
Баяғыдай емес едім аңғал тым,
О, несіне таң қалдың?
Маған ауыр – күрсінгені тəндердің,
Жеңіл емес – жылағаны Жандардың.
Үнсіздікте жиі еститін үнімнің,
Айқайынан тағы, күнім, сүріндім...
Сен күткендей болмады...
Айыпты екен бұған кім?
Бұрынғыдай күле алмаған шығармын)???
Алданғаным есімде жоқ ал менің,
Айыпты емес əлдекім!
Сен түсінші тұман басқан жанымды
Мен өзімді ұға алмайтын халдемін!

ҮРЕЙ
Жүрегімді тыңдашы сен өзі
Шын –
бас бермейтін асаудай,
өзімді алып қашардай,
Сенемісің?!
Жүрегімді тыңдашы... зымырандай,
Мен осылай жүрем бе тыныға алмай?
Тасқынына жанымның төтеп беріп,
(Түннен аман шығам ба, бүгін Алла-ай)
Жүрегімді тыңдашы, мен тыңдадым,
Онда менің айнымас сертім бар мың.
Өзімді-өзім жүргенде жоғалтып ап,
Көріндің де көзіме, еркімді алдың.
Жүрегімді тыңдашы мұңды менің,
Туласын деп мен оған түнді бердім.
Білмейсің ғой, сəт сайын қорқам, күнім,
Тоқтап қалар секілді жыр-жүрегім...

 

 

  • «Алаш прозасы», «Алаш ақыны» айдарының электронды адресі: alashainasytk@mail.ru
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста