Президенттік жастар кадр резерві жобасы жемісін беріп келеді

Президенттік жастар кадр резерві жобасы жемісін беріп келеді

Ең алғаш Президенттік жастар кадрлық резервін құру туралы сөз 2019 жылы қозғалған болатын. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2019 жылғы сайлауалды бағдарламасында көтерген еді. Онда мемлекет басшысы Президенттік жастар кадрлық резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік сатыға айналуы тиіс екенін жеткізген болатын. Жалпы Президенттік жастар кадр резерві қандай жоба? Бұл жобаға кімдер қатыса алады? Жоба кадр резервіндегілерге қандай қызметке орналасуға мүмкіндік береді?

 

Президенттік жастар кадр резерві - мемлекеттік жастар саясаттың құрамдас бір бөлігі болып табылады. Президенттік жастар кадр резерві – еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Аталмыш жоба білімді де білікті жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашу мақсатын көздейді. Яғни, жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралады. Сондай-ақ, Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады. 2019 жылы Президенттік жастар кадр резерві бойынша 300 жас азамат іріктеп алынып, соның ішінде 186 маман әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік лауазым бойынша қызметке орналасты.

 

Президенттік жастар кадр резервіне қабылдау конкурс арқылы жүзеге асады. Конкурсқа жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар, еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, мемлекеттік тілді В1 деңгейінде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Талапқа сай, ең жоғары балл жинаған, жалпы саны 65-тен аспайтын кандидатты сараптамалық комиссия Ұлттық комиссияға жібереді. Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 50-ден аспайтын кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.

 

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған мақаласында білімді жастар қатары артып келе жатқанын алға тарта отырып, билікте отырған әрбір адам ең алдымен ұлттық мүддені басшылыққа алуы керек екенін қадап айтты.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті: 

 

– Елімізде жоғары білікті және білімді жастардың саны артып келеді. Олардың көпшілігі уақыт өте келе еліміздің жаңа озық көшбасшыларының қатарын толықтырады. Менің бастамам бойынша құрылған Президенттік кадр резерві - осының айқын дәлелі. Жобаның келесі кезеңінде қоғам сұранысына бағытталған басшыларды іріктеуге ерекше мән береміз. Билікте отырған әрбір адам ең алдымен ұлттық мүддені басшылыққа алуы керек.

 

2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне 50 кандидатты қабылданды. Олардың 62% (31 адам) шетелде білім алғандар, 38% (19 адам) – қазақстандық жоғары оқу орындарын бітіргендер. Оның ішінде 39 адам магистр дәрежесіне ие кандиттар болған еді.

 

Ал, бүгінгі таңда сараптамалық комиисияның ірктеуінен өтіп, Ұлттық комиссияның қортынды шешіміне ие болған 350 адам Президенттік жастар кадр резервіне еніп отыр. Оның ішінде 258 адам әртүрлі лауазымды қызметтерге бекітіліп те қойған.

 

Жалпы алғанда аталмыш жоба тиімділігін көрсетіп отыр. Мемлекеттік секторларда жаңа буын қалыптасып келеді. Жас министрлер мен жас әкімдер қатары өсуде. Әрине бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға жасап жастқан қодауының арқасында жүзеге асып отырғанын айта кеткеніміз жөн. Бүгінгі таңда қалыптасқан жағдайға қарасақ, Президенттік жастар кадр резерві жобасы өз жемісін бергенін көреміз. Сондықтан да жоба одан әрі жалғасын табатын болады.

 

Қазіргі таңда қоғам қарыштап дамып, күн санап жаңарып келеді. Яғни мемлекеттік басқаруда да жаңа көзқарас қажет. Демек қоғамның жаңаруымен бірге, мемлекет те, мемлекетке қызмет ететін кадрлар да жаңыруы тиіс. Әрине, алдыңғы буын ағаларды да тізімнен сызып тастауға болмас. Олардың тәжірибесі қашан да кәдеге жарайды. Әйтсе де, оларға бүгінгі қоғамның даму қарқынына ілесу оңайға соқпасы анық. Сондықтан аға буын мен жас буын бірлесе жұмыс атқаруы керек. Елімізде жұмысқа қабілетті азаматтардың тең жартысын 14-35 жас аралығындағы жастар құрайтынын ескерсек, жастар мәселесі өзекті екеніне талас бола қоймас.

 

Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтар «бастық болам» деген мақсатты көздемеуі керек. Олар үшін басты мақсат – ел үшін аянбай еңбек ету болуы тиіс.

 

 

 

Қ. Кумекбаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста