Гендік терапия көмегімен саңырау тышқанның есту қабілеті қалпына келді

Гендік терапия көмегімен саңырау тышқанның есту қабілеті қалпына келді

Соңғы уақытта америкалық және еуропалық ғалымдар гендік терапияға жиі жүгінетін болған әрі бұл бағыттағы зерттеуді жалғастырып, жандандырып келеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі Woman24 ақппарат көзіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Туабітті саңырау балалардың жартысына жуығы бұл кеселдің зардабын тартуына гені себеп болып жатады, яғни тұқым қуалайтын ауру. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін медициналық құралдар мен протез секілді кохлеарлық импланттың көмегіне жүгінеді.

 

Америкалық ғалымдар тобының зерттеу нәтижесіне сәйкес гендік терапияның жаңа түрі қоданылған саңырау тышқандардың есту қабілеті дені сау адамдармен бірдей дерлік деңгейде қалпына келген.

 

Синдромдық емес терең туабітті кереңдіктің жартысынан көбі генетикалық себептерге байланысты, ал олардың шамамен 80 пайызы кереңдіктің аутосомды-рецессивті формаларына байланысты болатынын айта кету керек. Бұл тарапта тәжірибе жүргізілген тышқандар DFNB9 саңыраулық деп аталатын ауруға шалдыққан болатын, саңырау адамдардың екі-сегіз пайызының дертінің түп-төркіні осы генмен байланысты екенін айта кеткен жөн.

 

Отоферлин деп аталатын DFNB9 ақуызы құлақтың ішкі қуысындағы жұқа түктермен жиналған дыбыстық ақпаратты берудің қалыпты функциясын орындай алмайды. Дегенмен, саңырау тышқандардың геномын арнайы жасалған вирустармен өзгерткеннен кейін кеміргіштер қалыпты жұмыс істейтін отоферлинмен өмірге келген тышқандар сияқты есту қабілетіне ие болды.

 

AAV негізіндегі гендік терапия - кереңдікке арналған келешегінен үміт күттірген ем-дом түрі, десе де аясы тар терапевтік «тереземен» шектеледі: адам құлағының даму шегі ана құрсағына жатқанда аяқталады және есту қабілеті шамамен жүктіліктің 20 аптасында пайда болады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста