«Атамекен» жыл сайын бизнес-ортаны түбегейлі жақсартуға бағытталған ұсыныстар топтамасын дайындайды

«Атамекен» жыл сайын бизнес-ортаны түбегейлі жақсартуға бағытталған ұсыныстар топтамасын дайындайды

Бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті болып саналады.
Негізінен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталып отырғаны баршамызға аян.
«Атамекеннің» бизнесті жақсартудағы ұсыныстар топтамасы қай салаларға қатысты? Қазақстан корпоративті заңгерлерінің ХІІ форумында «Атамекен» ҚР ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттуді дамыту департаментінің басқарушы директоры Айжан Бижанова Ұлттық палатаның бизнесті жақсартуға қатысты ұсыныстарын атады. «Атамекен» жыл сайын бизнес-ортаны түбегейлі жақсартуға бағытталған ұсыныстар топтамасын дайындайды. Биыл бұл тізім 2,5 мың бетке жетті. Бұл тек мәтін ғана. Оған салыстырмалы кестені қосар болса, онда 10 мың беттен асып кетеді.
«Барлық нормативті-құқықтың актілерге өзгерту енгізу қарастырылады. Біз ұсыныстарды 4 блокқа бөлдік. Бизнесті қайта реттеу, шығынның барлық түрін жаппай қысқарту, монополистер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері беретін рұқсаттарды қайта реформалау, өзін-өзі реттеу институтын дамыту. «Атамекен» бақылау-қадағалау функцияларын азайтуды қолдайды. Бақылау жүйесі толықтай қайта құрылды. Профилактикалық бақылау секілді инновация енгізілуде. Ұлттық палата ұстанымының арқасында депутаттар институттың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің барлық баптарына таралуын қолдады. Шығынды жаппай азайту – жаңа бағыт. Біз кәсіпкерлік субъектілері мен оларға мемлекеттік органдардың әрекетінде нақты не ұнамайтындығы туралы ақпарат жинадық. Шығынмен байланысты құралдардың барлығы да ауыр екенін түсіндік. Біз шығынның дәл осы бөлігін азайтумен айналысамыз», – деп атап өтті Айжан Бижанова.
Сонымен қатар ол рұқсат беру жүйесінде квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополия субъектілері рұқсат құжаттарын береді немесе рұқсатнама процедураларын жүзеге асыратын жағдайлар бар екенін айтты. Мұндай жағдайлар заңнамалық тұрғыда реттелмеген және олар субъектілердің өздері анықтаған талаптар мен тәртіпте беріледі.
«Қазіргі таңда монополистер мен квазимемлекеттік кәсіпорындар беретін рұқсат құжаттарының тізімін дайындау бойынша ревизия аяқталды. Барлығы 69 рұқсат құжаты бар. Аталған тізім толық әрі заңнамамен бекітілетін болады. Заңда өзін-өзі реттеу институтын жетілдіруге бағытталған бірқатар түзету көрсетілген. Міндетті өзін-өзі реттеу нысандарын құру мүмкіндігі қаралып үстінде. Өзін-өзі реттейтін нысан бола алатын коммерциялық емес ұйымдар тізімі ұлғайтылуады және олардың жауаптылық мәселесі де реттеледі», – деп түсіндірді Айжан Бижанова.
Бизнес үшін маңызды болып отырған бірқатар заң жобасы желтоқсан айында қабылданатынын хабарлады, олардың әрқайсысының дайындалуына «Атамекен» белсенді атсалысқан. Спикер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 8 кодекске талдау жүргізіп, ол бойынша 36 түзету, 10 заңның талдау қорытындысы бойынша 95 түзету жасағанын атап өтті.

Алаш айнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста