Зарина Дияс: Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғағым келеді

Осы маусымда Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) аясында табысты өнер көрсеткен қазақстандық теннисшілердің бірі әрі бірегейі – Зарина Дияс. Ол маусым басынан бері бұл ұйымның рейтингінде 70 саты жоғарылап, бүгінгі таңда тізімнің 33 орынына жайғасқан.
Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) аясында өтетін додалардың барлығы да аяқталғанын жақсы білеміз. Демек, енді теннисші қыздардың барлығы да келер маусымдағы турнирлер басталғанша демалатын болады. Бұл ұйым аясында өнер көрсетіп, үстіміздегі жылда көптеген табыстарға қол жеткізген қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс демалыс уақытын пайдаланып, Алматыда отбасымен бірге тынығып жатыр. Осы орайда «Алаш айнасының» тілшісі еліміздегі ең талатты теннисші үлкен тенниске қалай келгенін, бүгінгде қандай бапкерден тәлім алып жатқанын анықтау үшін Заринамен жолығып, кішігірім сұхбат құрған еді.
— Зарина, артта қалған маусымға көңілің толады ма? Сен маусым басында үздік теннисшілер тізімінде жүздікке де кірген жоқ едің. Міне енді маусым қорытындсы бойынша әлемнің мықты деген 40 теннисшілердің қатарындасың.
— Әрине, көңілім толады. Бастысы жарақат алған жоқпын. Әрбір турнирде өзімді жақсы қырымнан көрсетіп, тек жеңіске ұмтылдым. Маусым басында алдыма үздік 50 теннисшінің қатарына қосыламын деген мақсат қойған едім. Енді міне, үздік 40 теннисшісінің қатарындамын. Дегенмен, бұл көрсеткішке тоқмейілсуге болмайды. Әлі де жаттығу жасау керек. Әлі де тынбай еңбек ету керек.
— Сен бір сұхбатыңда - 5 жасымда ата-анам Чехияға көшіп кетті. Ес білгелі сонда тұрып келдім, - деген едің. Демек, сен теннистегі алғашқы қадамыңды Чехияда жасадың ғой иә?
— Иә, мен үлкен теннистегі алғашқы қадамымды Чехияда жасадым. Ол кезде жасым небәрі 6-да еді. Анам мені теннис орталығына алып барып, алғаш рет қолыма ракетқа ұстатқаны әлі есімде. Жалпы біздің отбасымыздағы барлық адамдар спортқа жақын. Кейбірі әуесқой деңгейде айналысса, енді бірі саламатты өмір салтын сақтау үшін айналысады. Біздің отбасымызда кәсіпқой спортпен айналысқан мен ғана шығармын.
— Туған отаның Қазақстанда жиі боласың ба?
— Бұрындары Қазақстанға сирек келетін едім. Ал, қазір отбасым Алматыға көшіп келді. Сол үшін де мен қолым қалт ете қалса Алматыға келіп, отбасыммен бірге болуға тырысамын.
— Жаттығу жұмыстарын қайда өткізесін?
— Мен жаттығуымның барлығын Қытайда өткіземін. Себебі, ол жақта барлық жағдай жасалған. Заманауи технология, теннисшілерге керек-жарақтың барлығы да табылады.
— Сонда Қазақстанда мүлде жаттығу жұмыстарын жасамайсың ба?
— Мүлде жасамаймын деп айтуға болмайды. Мен Қазақстанға келген сайын спорттық бабымды жоғалтып алмау үшін жаттығу залдарына барамын. Ал үлкен теннистегі техникалар мен соққыларды Қытайда, бапкеріммен бірге жасаймын.
— Қазір қандай бапкермен жұмыс істеп жатырсың?
— Менің соңғы үш жылдан бергі бапкерім - Аллен Ма. Бұл бапкер маған теннистің техникасын үйретеді. Ал физикалық, яғни фитнеске мені Стефано Баральдо дайындайды.
— Әрбір спортшының үлгі тұтатын спортшысы болады. Сенің үлкен теннисте үлгі тұтатын теннисшің кім?
— Үлгі тұтатын біршама теннисшім бар. Олардың ішінде апалы-сіңілі Уильямстерді ерекше құрметтеймін. Әсіресе, Серена Уильямсты.
— Біреудің тиын-тебенін санағанды құп көрмейміз әрине. Десек те, жуырда ғаламторда сен үлкен теннистен бір маусымда 500 000 АҚШ доллары көлемінде пайда тапты деген ақпарат шықты. Бұл қаншалықты рас?
— Бұл сұраққа нақты жауап бермеймін. Нобайлап айтқанда, осы маусымдағы табысым сіз айтқан сомманың маңайында. Бірақ, жұрттың ақшасын есептеп отырған кісілер спортшылардың турнирлерге кеткен шығынын мүлде есептемейді. Мысалы, сіз мен бір турнирге барғанда қанша ақшаға шығындалатынымды білесіз бе? Білмейсіз. Сондықтан да мен табысымды нақты мынанша деп айтпаймын.
— Әйелдер теннис ассоциациясы аясында өтетін турнирлерге өзіңіз тіркелесіз бе? Әлде сізді арнайы шақырады ма?
— Әр кезде әрқалай. Кейбір турнирлерге өзің тіркелесің. Енді бірінде ұйымдастырушылардың өздері шақырады. Негізі турнир туралы біз маусым басында бапкермен ақылдаса отырып бір маусымға жоспар құрып тастаймыз.
— Зарина, неге сен Қазақстан атынан үлкен турнирлерге қатыспайсың? Алдағы уақытта өзіңнің туған еліңнің атынан бәсекелерге қатысу туралы ойың бар ма?
— Жоғарыда айттым ғой, мен бір жылдық жоспарды жылдың басында құрып тастаймын. Сол үшін де Қазақстанның атынан турнирлерге қатыса алмай жүрмін. Ал алдағы уақытта бұйырып жаста қатысамын. Қазақстанның намысын Олимпиада ойындарында қорғағым келеді. Ол үшін еңбек ету керек. Олимпиада жолдамасын жеңіп алу қажет. Мен бұл мақсатқа жету үшін тынбай еңбек ететін боламын.
— Бүгінгі таңда спортшылардың көбісі әлеуметтік желілерде отырып, жанкүйерлерімен хат алмасатын болған. Сен әлеуметтік желілерде барсың ба? Және әлеуметтік желі спортшының дайныдығына кедергі келтірмейді ме?
— Иә, мен әлеуметтік желіні қолданамын. Жанкүйерлеріммен сөйлесіп тұрамын. Бірақ, барлығына бірдей жауап бере алмаймын. Себебі, уақытым тапшы. Әлеуметтік желі спортшының дайындығын айтарлықтай кедергі келтіреді деп айта алмаймын. Тек оны тиімді қолданса болғаны.
— Айтпақшы, жуырда осы әлеуметтік желіде волейболшы Сабина Алтынбекова керемет танымалдылыққа ие болды. Қалай ойлайсың, мұндай танымалдылық Сабинаның спорттағы көрсеткішіне кері әсерін тигізбейді ме?
— Шынымды айтсам, мен Сабинамен жеке таныс емеспін. Танымал болғанын естідім. Менің ойымша, мұндай танымалдылық спортшының көрсеткішіне кедергі келтірмейді. Өйткені, әлемде Сабинадан да танымал спортшылар бар. Сол спортшылардың көрсеткіштерін қараңыз. Жеткен табыстары көп. Мен Сабинаға тек сәттілік тілеймін.
— Қазақ тілін білесің бе?
— Өкінішке қарай, мен қазақша сөйлей алмаймын. Бірақ, түсінемін. Ана тілімді үйреніп жүрмін. Бұйыртса, бір жылдың ішінде меңгеріп аламын деп ойлаймын.
— Орыс тілін еркін меңгергеніңді байқадық. Одан басқа қандай тіл білесің?
— Ағылшын және чех тілін жақсы меңгергенмін. Енді испан тілін үйреніп жүрмін.
— Теннисшілерде бос уақыт көп бола бермейтінін білеміз. Бірақ, маусым басында, не соңында сіздер де дем аласыздар. Осындай бос уақытыңда немен шұғылданасың?
— Спорттық бабыңнан шығып қалмау үшін демалыс уақытында да жаттығу жасап жүремін. Одан бөлек, отбасыммен болуға тырысамын. Кітап оқимын.
— Соңғы сұрағым болсын, оқырмандарға алдағы уақытта жоспарың туралы айтып өтсең ...
— Бастысы денсаулығым мықты болса. Жарақат алып қалмасам екен. Бұйырса, 20-шы қараша күні Қытайға ұшамын. Жаттығуларым басталады. Жаңа маусымдағы бірінші турнирім Чжензен қаласында болады. Бірінші мақсатым – осы турнирде сәтті өнер көрсету. Ал, жалпы алдағы маусымға әлемнің үздік 20 теннисшісінің қатарына кірсем деген мақсат қойып отырмын.
— Әңгімеңе рахмет. Алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста