Поиск по сайту
Әлемде жоқ гильзасыз тапанша зертханада тот басып жатыр
Осыдан бірер жыл бұрын – 2005-2006 жылдары Қазақстанның, Қазақстан ғана емес бүкіл әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары қарағандылық өнертапқыш Сәнтай Жетесовтің гильзасыз патронмен атылатын тапанша-пулеметі туралы таласа-тармаса жазысты.
«Мен өлмеймін, менікі де өлмейді»
Ол кезде қолына қалам ұстағанның бәрін Жазушылар одағының тартып тұратын бір қасиеті болатын. «Болашақта ақын болсам, жазушы болсам» дейтін студенттерден бастап, басқа баспа, газет-журналдар редакцияларында жұмыс істейтін қыз-жігіттерге дей
«Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясының» 10 томы жарыққа шықты
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2004 жылдан бері «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясының» 30 ғасырды қамтитын көптомдығын шығаруды қолға алып, тоғыз томын шығарған еді.
Мұқағали әлеміне саяхат
Қазақтың маңдайына біткен дара тұлғалы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күнін атап өтушілердің қатары жылдан-жылға артып келеді. Мұны биыл да байқадық.
Суыққа қалай бой үйретуге болады?
Суықтан менің аллергиям қозады. Кішкене аяз басталса бітті, денем күлдіреп, қы­зыл бөрткендер пайда болады және қатты қышиды. Мұндайда не істеуге болады?
Ауырған балаға борсық майын ішкізуге бола ма?
Қыс мезгілі басталысымен балам жиі науқастанады. Суыққа қарсы қолданбаған еміміз қалмады десем де болады. Кейбір кісілер суық тиген балаға борсық, ит сынды жануарлардың майын ішкізу керек дегенді айтады.
Миында ұлттың коды жазылған ақын
Мұқағали әдебиетке жасындай жарқ етіп келді. Ақынның жыр­ла­ры өткен ғасырдың 60-70-жылдарындағы қазақ поэзиясы­ның ең жарқын беттерін түзді. Ол сүйініш пен күйінішке, арман-мұрат­қа толы қызу тірлік кешті.
Сәкен Сейфуллин энциклопедиясы жарық көрді
Сәкен Сейфулиннің рухы кеше тағы бір жаңғырды. Бұл жолы 200 шақырым жерден Елордаға «сүйінші» айта келген азаматтар «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғаның энциклопедиясын баспадан шығарып ала келіпті.
Қазақ әнінің «Ақмаңдайлысынан» айырылдық
Ақ қарлы ақпан келісімен Алаш жұрты ақиық ақын Мұқағалидың туылған күнін күтетін жақсы әдетке ие. Сөйтіп отырғанда кенет қайғылы қазаға тап боламыз депАқ қарлы ақпан келісімен Алаш жұрты ақиық ақын Мұқағалидың туылған күнін күтетін жақсы әдетке ие. Сөй
Қаламұш қашанда ұштала бергей!
...Әлдекім дүниеден өткеннен кейін ғана кімді жоғалтқанын біліп, аһ ұратын қазақ үшін адамның қадіріне көзінің тірісінде жету – өте қат та қажет қасиет.
Ұлы ақынның ұрпағы өмірден өтті
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының шөбересі Ғазел Жағыпарқызы Мағауина ақпанның 5-і күні 85 жасқа қараған шағында дүние салды.
«КСРО-ның Халық әртісі» атанғандар қанша?
Елімізде «Халық әртісі» атанған ардақты тұлғалар көп. Олардың бірқатары мұндай дәрежеге Кеңес Одағы кезінде ие болған.
Аталары батыр болған ба?
Мұқаңның ер тұлғалы, кесек мінезді болғаны айтылып жүр. Ал ақындығына тіпті сөз жоқ. Арғы аталарында батырлар болған ба?
Табиғаттың өзі қашаған Мұқаңның мүсіні
Биыл ұлтымыздың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойы еліміздің әрбір өңірінде салтанатпен аталып өтпек.
Мұқағали жайлы қос қойылым: бірі – сахна төрінде, бірі сахнадан кетті
Ешкімнен есіркеу күтпей, ескерткіш те тілемей, өз қолымен өзіне «мәңгілік мүсін» соғып кететін теңдессіз тұлғалар болады, өмірде өте сирек кездесетін сондай жандардың бірі – Мұқағали.