Бізге үлгі алатын, осыған теңелейік дейтін Абайдай тұлға керек

Бізге үлгі алатын, осыған теңелейік дейтін Абайдай тұлға керек

Балтабек ЕРСӘЛІМОВ, республикалық Абай қорының Президенті, ардагер журналист:

– Балташ аға, әңгімемізді жалпы, Абай ұрпақтары тақыры­бы­нан бастасақ, Абайға өзіңіз қалай жиен боласыз, қалған көзі тірі ұрпақта­ры қайда, кімдер бар деген сұраққа тоқталып өтсеңіз?
– Енді ұрпақ жөнінде әңгіме айтсақ, жалпы, біздің заманымызда, менің боз­бала кезімде, тіпті 90-жылдарға дейін ру деген мәселеге жол ашылған жоқ. Тыйым салынды. Оған дейін айтқан да жоқпыз. Ал енді, шындап келгенде, 90-жылдары Абай  қоры  құрылғанда ғана бұл мәселеге терең мән бере бастадым.
– Сонда сіз оған дейін білген жоқсыз ба?
– Оған дейін білдім ғой, бірақ айтпай жүрдік...
– Іштей мақтаныш сезімі болды ма?
– Әрине, мақтаныш сезімі болды. Со­дан 90-шы жылдары Абай қоры құрылды. Қордың басы-қасында болған Мәркен Шәйжүнісов еді. Мені атқарушы директор қылып сайлады. Мені  жұрт алғашында қа­был­дай қоймады. Қазақтың  таби­ға­тына тән дүние, біраз адамдар мынау қалай сайланды, бұл аяқастынан қайдан келді дегендей де әңгімелер болды. Ал Абай қоры құрылғаннан кейін біраз тиын-тебеннің басы құралып, жұмысты неден бастаймыз деген әңгіме туған кезде, алды­мен «Абай» журналын шығаруға кірістік. Ол ұсынысты Мәркен Шәйжүнісов бірден қабыл алды. Содан Алматыға тарттық, редакциясы құрылды, төрағасы сайланды, басқадай алқа мүшелері тағайындалды. Сонымен,  журналға кірісіп кеттік. Қайым ағаның бүкіл өмірі Абайға арналған ғой. Абай үшін сотталды да... Абайды және оның ақын шәкірттерін зерттеген. 1951 жылы диссертация қорғап, сол диссертацияға көп адамдар қарсы болып, тіпті Қайымның артынан шырақ алып түсіп, ақыры 25 жыл­ға сотталып тынды. «Байлардың, фео­дал­дық таптардың тұқымын  жақтаушы» деп айып талды. Біз сол кітаптарды біртіндеп шығара бастадық. 1997, 1998, 1999 жыл­да­ры тойға дейін үш-төрт томын шығар­дық. Аяғында 150 жыл­дық мерейтойға сол кітаптар ұсынылды. Сосын соңғы кітап шығарыларда Қайым ағаға айттым: «Ме­нің Абайға жиен екенімді сіз білесіз, Абай мұражайы біледі   және Төкен Ибраев біле­ді. Ал басқа адамдар ше?.. Осы әңгіменің жүргеніне бес-алты жыл болды. Сіз енді осы мәселені абайтанушы ретінде қозға­саңыз»... дедім. Содан кейін ол кісі үлкен мақала жазды. Содан бастап, жұрт  мойын­дай бастады.
– Қазір ұлы ақынның қалған ұрпақтары қайда, көзі тірілеріне қамқорлық көрсетіле ме?
– Қалған ұрпақтары – Мәкен Тұра­ғұлқызы. Бұл кісі Абай тойына дейін кәдім­гідей тың болатын және бұл кісі әңгімешіл адам еді. Әңгіме айтқанда кәдімгідей өзіне баурап алатын. Ал бірақ 1995 ­жыл­ғы тойдан кейін кенеттен қайтыс болды. Тойдан кейін Үкіметтің қаулысымен қаржы бөлінді, Халықаралық Абай қоры құрылды. Абай қорына  қаржы түсіп, біраз делегация Қа­зақстаннан Ташкентке барды. Санкт-Петер­бургке, Мәскеуге, Францияға барып қайтты. Бір өкінішті нәрсе, көптен айта ал­май жүр едім, енді айтуға болатын шығар. 1945 жылы да Абай тойы өткен. Сол кезде үкімет басшылары Нұртас Оңдасынов, Шаяхметов, Серебряков  Абай тойын өт­кізу­ге шешім қабылдады. Сұрапыл соғыс­тан кейін тойды өткізу ерлікпен пара-пар еді. Бұл той қажыған, әбден шаршаған халық­тың рухын көтеру үшін де қажет болды. Сол кезде Оңдасыновтың қаулы­сымен Абайдың ұрпақтарына, бертінге дейін шәкіртақы тағайындалып келген еді. Абай атындағы шәкіртақы пед­колледж, университет, институттарға да бері­ле­тін. Ал енді сол жылы Абай ұрпа­қ­тарының басы-қасында Мұхтар Әуезов жүрді. Кейде Абай, Абай дейміз, бірақ одан қа­зір кім қалды. Бес апамыз болатын, олар­дың үшеуі қайтыс болды. Қазір қалғаны, Алматыда Ищағы бар,  Зай­санда Күлзипа апамыз бар. Содан қазір қалған екеу ғана. Биыл, міне, Ищағы 90-ға толды, соғыс арда­гері. Ол – 1941 жылы соғыс­қа барған Абай ұрпағының өкілі. Алматы­дағы Халық­а­ралық Абай қорының немесе Алматы әкімшілігінің де атап жат­қанын бай­қамадық. Ол кісіге марапаттың керегі жоқ. Бірақ ұрпаққа керек қой, біз осындай нәр­сені ұмыт қалдырамыз. Ал біз Тәуелсіз еліміз­де тұрсақ та,  ақынды наси­хат­­тау мақса­тын­да бар болғаны бір кеш өткізуге ғана жара­дық. Біз Отанды сүй, анаңды сүй, жерді сүй, елді сүй дейміз. Енді соны сүю үшін бізге үлгі алатын, осыған теңе­лейік дейтін, Абайдай тұлға керек. Ал біз оларды кейде ұмытып кетіп  жатамыз.
– Балташ аға, сіздің өнегелі, тәрбиелі, текті сөз айтатын  ұрпақ болып қалыптасуыңызға анаңыз­дың тәрбиесі қатты әсер еткен сияқты. Негізгі айтқан өсиеті қандай болды?
– Негізінде, біздің шешей мыңды айда­ған байдың қызы, кезінде кәмпескеге түсті, үйтті-бүйтті, әкесінің қайда жерленгенін білмейді. НКВД-нің үндеместері түннің ішінде келіп, есікті мылтықтың дүмпуімен қағып-қағып, бұзып-жарып баса көктеп кір­ген. Әкесін тепкінің астына алғанын көзі­мен көрген. Әбден шошынған. Жалпы,  Тобықты ұрпағы мен Ырғыз­бай әулетін әбден ығыр қылған ғой. Бұлар әбден қорқып қалған. Бұл кісі аяғында түксіз қалып, оның үстіне әкем қайтыс бол­ған. Анам тоғыз құрсақ көтеріп, соның сегізі қайтыс болып кеткен. Оның алтауы ашар­шылықтан, екеуі аурудан, қал­ған екеуі соғыста қайтыс болған. Бауыр­­ларымның ішінде тірі қалғаны менмін. Жалғыз апайым бар еді. 1960 жылы ол да қайтыс болды. Қазақта мақал бар ғой «Аузы күйген, үрлеп ішеді» деген, жалғыз ұлы болған соң, бар сенгені мен. Мені бірдеңеге ұрынып қала ма, бір нәрседен  қателесіп кете ме деп қатты уайымдады. «Қарағым, тыныш жүр, тек жүр, дүниеге қызықпа» деп шегелеп айтып отыратын. Содан кейін 7-сынып біті­ріп, 17 жасында түскен келінге де айтады, «Қара­ғым, қара шай берсең де қабағыңды тырыстырмай бер, кесені сылдырлатпа, қонақ келсе ренжіме, қонақ өз ризығымен келеді» деп. Сосын маған айтатын «сен тыныш жүр, бір нәрсеге ұрынып қалсаң, мені кім қояды» дейді. Мен осыны естіген­де неше түн, неше күн ұйықтамадым. Со­сын мен 1971 жылы Баспаға директор бол­дым. Сонда ойлайды, директордың бәрі жейді деп, әлде біреуден ести ме екен?! «Қарағым, сен қызықпа, ештеңе алма, еш­те­ңе әкелме үйге, керегі жоқ» деп отыра­тын. Сосын тағы бір айтатыны: «сен тоғыз­дан қалған жалғызсың, сондықтан ма­ңа­йыңа дос жина, ал дұшпан өзі табылады» деп.
– Балташ аға, еліміз Тәуелсіздік алғалы биыл 22 жылға аяқ басты. Осы жылдар ішінде Абай айтқан, қиялдаған армандар орындалып  жатыр ма? Абай атамыздың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ең басты  ұраны ғой, Адамзаттың бәрін сүй,  әділетті сүй, хақ жолын сүй дейді. Дегенмен сіздің ойыңызша, жаңағы бірлік, береке жайлы мәселе қазір қалай?
– Мен мынаны айтар едім, жаңа айттым ғой, сұрапыл соғыстан кейін дүркіреп кеш өтті. 1995 жылы той өткенде жоқшылық кезі, қазақтардың жағдайы онша емес еді. Осы Семейде карточкамен нан алып жүрдік. Осын­дай қиын кезеңде Абайдың тойын Елбасымыз  өткізіп берді. Сол кезде мен Елбасына Президенттік сайлауға тү­сер­дің алдында сауал қойғам «Абай тойы өте ме?» деп. «Абай тойын өткіземіз және ол той еш тойдан  кем болмайды. Оған еш­қан­дай абыржымаңыз» деді Елбасы.  Өткен­де де ЮНЕСКО-ның деңгейін­де өтті, Америкадан адамдар келді.  Осы тойдың өтуіне бірден-бір себепкер болған Нұрсұлтан Әбішұлы екені анық. ЮНЕСКО деңгейіндегі тойланатын тойлар 100, 200, 300, 400 сияқты нөлдер болушы еді. Біздікі 150 жылдық қой. Оған да шүкір. Сол той арқылы әлем қазақ деген халықтың бар екенін  білді. Және сол халықтың тарихы  бар екеніне де көздері жетті. Ол халықтың ешкімнен кем емес ділі бар, діні бар, тілі бар екенін де көр­ді. Сон­дық­тан бұл жерде Елбасына ерек­ше рақметімді айтамын. Ал енді Президентіміз сол күннен бері елді бірлікке шақырып келеді, айтып келеді, ұғындырып келеді. Меніңше, халқымызда бетбұрыс бар. Және жаман да емес. Әрине, кертартпалар да жоқ емес.
– Абай, Шәкәрім аталарымыз­дың өлеңдерін алғаш кімнен естідіңіз. Мысалы, біздің апалары­мыз, әжелеріміз ешкім жаттатпай-ақ, мектеп, үлкен білім ордала­рына бармай-ақ Абай өлеңдерін жатқа айтып отыратын...
– Ол кезде мектептің бағдарламасында Абайды керемет кең көлемде оқытқан жоқ, жалпылама айтып жатты. Сонда шағын-шағын өлеңдері де бар. Қазірдің өзінде, міне, естіп отырмын, мектептің бастауыш кітабында Абайдың екі-ақ өлеңі бар екен. Оны неге төрт-беске өлеңге жеткізбеске. Мысалы, Қайымдар лекция оқығанда ара­сында Әли­ханды да, Шәкәрімді де, Абай­ды да қосып айтатын. Ондай мұғалімдер болды. Өзбек Бастанов деген азамат мен оқыған мектептің директоры болды. Әрі соғыс ардагері-тін. Сол кісі айтып отыра­тын, Абай деген осындай, Абай деген былай деп, Шәкәрімді ол кезде көп айт­пады. «Ес-аймақ» театрын құрушылардың бірі Қалияқпар Төребаев деген кісі болды. Ақшоқыда қойылған «Еңлік-Кебекте» ойнаған  адамның біреуі, маған мектепте әдебиеттен сабақ берді. Сол кісі бір кездері Абай театрының режиссері болған. Ол кісі сабақты оқушының ұйқысын ашып, кәдім­гі­дей  шабытын қайрай отырып өткізетін.  Мен сол Төребаев­тан оқығанымды  бақыт санаймын. Бізге Абайды көп айтқан сол кісі. Сосын шешей де үйде айтып отыратын, «Әй, балам, сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» деп Абай атаң айтқан. «Байқа,  бүгін дос, ертең жау,  сондай заман жақын­дау. Дос­ты таңдай біл, досты сараптай біл» деп айтып отыратын.
– Жарыққа шықпай жатқан өлеңдері көп пе, қалай ойлайсыз?
– Қайым аға көзі тірісінде алты өлеңін жарыққа шығарды. Одан басқа, Абайды зерттейтіндер, Абайтанушы да азайып қал­ды. Зәки Ахметов қайтыс болды. Қайым ағам да қайтыс болды. Одан бөлек, Зейнолла Қабдолов та жоқ арамызда. Абайтанушы қалмады десек те болғандай. Қазір енді Тұрсын Жұртбай, Мекемтас Мырзахметов пен Семейдегі Төкен Ибра­гимовтар ғана бар.
– Балташ аға, өзіңіз басқарып отырған Абай қоры мен Абай театрының әлі күнге дейін жеке ғимараты жоқ. Осыны біреу білсе, біреу білмейді. Білсе, бұл мүмкін емес дер еді. Сіздің ойыңызша, осы  мәселе қалай шешілуі керек және неге осы мәселе көтерілмей жатыр?
– Бұл енді шенеуніктердің өресінің төмендігінен.  Театр туралы айтсам, бү­гін­гі театрға менің жаным ашиды. Театрда жақсы режиссер жоқ. Абай театрына ре­жис­сер табуға болады ғой. Және бұл әңгі­мені мен Семейде бірнеше рет дастар­қандас болғанда Әшірбек Сығайға да айтқанмын. Қазір ол театрдың көш бастау­шысы, сыншысы ғой. Абай театры Абай­мен ашылып, Абаймен жабылуы керек қой дедім. Ал күні бүгінге дейін Абай театры Абайды қоймайды. Міне, осыны көтеруге болады. Режиссері болмағаннан кейін драматургиясы нашарлап кетті. Ешкім жазбайды. Жазбайтыны – қаламақы атымен жоқ. Қаламақы болмаған соң ешкім жаз­байды.
– Балташ аға, енді тағы бір мәселе, жаңағы қордың жұмысын айттыңыз, 1990 жылы құрылған деп. Содан бері, міне, шапқылап келе  жатырсыз, 75 жасқа келдіңіз. Енді болашаққа жоспарыңыз қандай?
– Қор мен журналдың жеке ғимараты болмағаны былай тұрсын, бізге бір әкім басын сұғар емес. «Әй, Бәке, осы сені күнде көреміз, осы қордың жағдайы қалай, не көмек керек?» деген әкім болған жоқ, марқұм Виталий Андреевич Меттеден басқа. Ол кісі кезінде көлік те беріп, басқа да көмектер көрсеткен еді. Метте одан бөлек, біз жасаған «Поэзия Абая», «Русс­кие друзья Абая», «Родина Абая» және «Творчес­тво Абая» деген бірнеше шараның да жүзеге асуына қолдау көрсеткен-тін. Ендігі мақсат – осындай жобаларды қайта жаңғырту. Әрине, қолдау болса...
Баяғыда Абай атындағы сыйлық бола­тын, қазір ол сыйлық жоқ. Абайды көтеру арқылы біз қазақты да көтереміз ғой.

Алашқа айтар датым...
1945 жылы да Абай тойы өткен. Сол кезде үкімет басшылары Нұртас Оңдасынов, Шаяхметов, Серебряков  Абай тойын өт­кізу­ге шешім қабылдады. Сұрапыл соғыс­тан кейін тойды өткізу ерлікпен пара-пар еді. Бұл той қажыған, әбден шаршаған халық­тың рухын көтеру үшін де қажет болды. Сол кезде Оңдасыновтың қаулы­сымен Абайдың ұрпақтарына, бертінге дейін шәкіртақы тағайындалып келген еді. Абай атындағы шәкіртақы пед­колледж, университет, институттарға да бері­ле­тін. Ал енді сол жылы Абай ұрпа­қ­тарының басы-қасында Мұхтар Әуезов жүрді. Кейде Абай, Абай дейміз, бірақ одан қа­зір кім қалды. Бес апамыз болатын, олар­дың үшеуі қайтыс болды. Қазір қалғаны, Алматыда Ищағы бар,  Зай­санда Күлзипа апамыз бар. Содан қазір қалған екеу ғана. Биыл, міне, Ищағы 90-ға толды, соғыс арда­гері. Ол – 1941 жылы соғыс­қа барған Абай ұрпағының өкілі. Алматы­дағы Халық­а­ралық Абай қорының немесе Алматы әкімшілігінің де атап жат­қанын бай­қамадық. Ол кісіге марапаттың керегі жоқ. Бірақ ұрпаққа керек қой, біз осындай нәр­сені ұмыт қалдырамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста