Жаһандану ұлт ретiнде дамуымызға кедергi келтiре ме?

Алмағайып мына заманда Қазақстанның талай сыннан өтуiне тура келiп жүр. Әрине, бұл – бiр формациядан екiншi бiр формацияға өту барысында болатын заңдылық. Сондай-ақ әлемдегi көпшiлiк елдер сияқты бiз де ұлттық қауiпсiздiгiмiзге сақ болуға тиiспiз. Қазiргi таңда «Батыстану керек пе, жоқ па?» деген пiкiр туындап, бiр-бiрiне қайшы көзқарастағылардың түсiнiсе алмауларының негiзгi себебi «сол сақтықты қайтсек нығайта түсемiз» деген ниеттерiнен туса керек.

Сайлау БАТЫРША, ҚР Дипломатия қызметiнiң қайраткерi, сыртқы iстер министрiнiң кеңесшiсi, профессор
ИӘ

– «Батыстану» не «шығыстану» деген ұғымға мен мүлде қарсымын. Менiң түсiнiгiме жат нәрсе бұл. «Жаһандану кезiнде көштен қалып қоямыз» деп бекерге байбалам салады. Сол жаһандануды ойлап тапқан – Еуропа. Осы арқылы батыс бүкiл әлемге үстемдiк жасағысы келедi. Олардың мәдениетi, тiлi, дiнi, әдеп-ғұрыптары, дүниетанымы, тiптi киiм кию үлгiсiне дейiн, тұтастай алғанда жер бетi халықтарына сiңiсiп барады. Соңғы IV-V ғасырда адамзаттың тарихында батыстың ықпалы өте күштi болды. Әлем қазiр бүгiнгi күнi сол батыста өндiрiлген өнiмдердi былай қойғанда, батысша ойлайтын дәрежеге жеттi. Басқа елдi айтпай-ақ қояйын, адамзат баласын азғындайтын нашақорлықты, аралас некенi, тағы да басқа iндеттердi бiз сол батыстан үйренген жоқпыз ба?!
Батыстың да әлсiз тұсы мен шешiлмеген мәселелерiнiң аз еместiгiн ұмытпайық. Өзiне тән аурулары, өзiне тән келеңсiздiктерi мен қайшылықтары жетерлiк. Яғни өркениетi мықты екен деп, көздi жұмып алып, Батыстың бар құндылықтарын жапа-тармағай бойымызға сiңiре беру үлкен қателiк.
Кез келген халықты алыңыз, олар өзiнiң тарихымен, әдеп-ғұрпымен, болмысымен-ақ дамып, әлемге атын таныта алып отыр. Өз алдына бiр мемлекет болғаннан кейiн, өз болмысымен тұрақтануы тиiс. Кеңес Одағы кезiнде бiрiншi болып орыс мектебiн ашқан бiз едiк. Солай дұрыс деп шештiк. Орыс тiлiн үйренбесек, өсiп-өнбей қалатындай үрейлендiк. Содан не таптық? Соның зардабын әлi күнге дейiн көрiп отырмыз. Сол кезде «орыстанып» кете жаздап барып, аман қалған едiк, ендi «батыстану» дегендi шығарыпты. Бiз – ең бiрiншi – азиатпыз. Екiншi – түрiкпiз. Үшiншi – мұсылманбыз. Төртiншi – қазақпыз. «Батыстану керек» дегендi өзiнiң тарихын, дiнiн, тiлiн терең бiлетiн адам айтпас болар. Азиат бiз тұрмақ, Батыс өзiне жақын орыстарды «еуроазиялық» деп есептейдi. Сол Батыс әуел десең, бiзге «сендерге еуропалану қайда?» деп мысқылдап күледi. Мұндайды мен өз құлағыммен естiгенмiн.
Қанша жыл елшiлiкте жұмыс iстедiм. Еш уақытта мен басқа халықтардан «батыстану» немесе «шығыстану керек» дегендi естiген емеспiн. Әр халық өз мәдениетiмен, өз экономикасымен, өз құндылықтарымен-ақ дамып жатыр. Тек бiлiмiмiздi, мәдениетiмiздi, ұлттық салт-дәстүрiмiздi әлемге таныту мақсатымен ғана өзара қарым-қатынас орнатуға тиiспiз. Сол Батыс бiзге не берер екен? Қайта бiздегi барлық зауыт, фабрикаларды сатып алғандар солар емес пе? Кезiнде бiзде өнiмнiң не керек, түрiнiң барлығы шығарылған. Қазiр түк жоқ. «Батыстанамыз» деп барымыздан айырылдық.
Әр нәрсеге уақыт керек. «Орыс боламыз» деп адасып кете жаздадық. Ендi ғана ес жиғанымызда «батыстану керек» деген бәленi шығарып жүр. Менiң «еуропалану керек» деген пiкiрдегiлерге айтарым, олардың халықты адастырмай, далбасаламай жүргендерi жөн.

Уәлихан ТӨЛЕШОВ, саясаткер
ЖОҚ

– Бiз әлi посткеңестiк жүйе салып кеткен жолмен келемiз. Бұл ескiрген жүйе. Ал мына жаһандану заманында ескi формамен iлдалдап қаламыз. Бiзге жаңа стандарттар, жаңа идеалдар және демократиялық құндылықтар керек. Өкiнiшке қарай, бiз демократиялық құндылықтарға әлi де толықтай кiрiге алмай жатырмыз.
Олқылықтарға жол бермес үшiн ескiрген кеңестiк модельден түбегейлi бас тартпасақ болмайды. Жаңа сатыға көтерiлу үшiн батыстың үлгiсiмен, жүйесiмен ғана дами аламыз. Бұл жүйе, әсiресе, Адамзат құқықтарының толықтай қорғалуын қамтамасыз етуiне кепiлдiк беруiмен құнды. Еуропалық стандарттағы саяси жүйенiң мына қоғамда үздiк көрсеткiштердi байқатып отырғандығын да ескерген жөн.
Кез келген еуропалық елдi алып қараңыз, олар ұлттық мемлекет болып саналады. Мәселен, Бельгияны алайық, оларда iрi-iрi үш диаспора бар. Әр диаспора мәдени-ұлттық құндылықтарын өз деңгейiнде сақтай алып отыр. Бiз де өзiмiздiң ұлттық мәдениетiмiздi байыта отырып, әлемдiк деңгейге шығудың ұтымды, тиiмдi жолдарын Батыстан үйренсек деймiн. Бiз осылай тiптi мемлекеттiк тiлiмiздiң, қазақ тiлiнiң мәртебесiн де биiктеткен болар едiк.
Бiз өркениет жолында қазақтың, яғни қазақстандықтардың мемлекеттiк құрылысымен де, экономикасымен де, соның iшiнде өркениетiмен де батыстануымыз керек. Әрине, өзiмiздiң тарихымызды, мәдениетiмiздi, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, этникалық мәдениетiмiздi қорғап, оны әрмен қарай өркендету үшiн оны еуропалық стандарттармен қорғау керек. Бұл жерде халықаралық ұйымдармен заңдастыру, лицензиялауды айтып отырмын. Сол кезде бiздiң барлық ұлттық құндылықтарымызға ешкiм ортақтаспайтын болады. Бiздiң «Еуропалық жол» бағдарламасын қабылдауымыздың басты мақсаты – елiмiздi әлемге егемендi және демократиялық мемлекет ретiнде таныту деп бiлемiн. Мұндай «еуропаланудан» қорқудың қажетi жоқ, ол бiздi көршi дамушы мемлекеттердiң геосаяси қадамдарындағы қауiп-қатерден сақтайды.
Әлем жаңғырып жатыр. Оған iлесiп мемлекеттер де жаңғырып келедi. Өздерiңiз бiлесiздер, бiздiң ата-бабамыздан қалған жерiмiзге көз тiгiп, сұқтана қарайтындар жоқ емес. Мәселен, Солженицынның «Ресейдi қалай көркейтемiз?» деген сауалға «Қазақстанның солтүстiк жағын алу керек» дегенi бар шiмiрiкпестен. Мұндай арсыздықты, ожарлықты Жириновский де танытты. Осындай империялық, феодалдық, қала бердi, кеңестiк пиғылдарға бiз қарсы сес көрсете бiлуiмiз керек. Осы ретте де еуропалық үлгiнi оларға қалқан ете аламыз. Қазақ пен Батыс ынтымақтаса алса, бiз ұлттық қауiпсiздiгiмiздi нығайта алар едiк.

Бейтарап пiкiр
Әзiмбай ҒАЛИ,
саясаттанушы:
– Уәлихан Төлешовтiң айтқандарын қолдаймын. Батыстан үйренерiмiз ұшан-теңiз екенi рас. Олардың технологиясынан, саяси-экономикасынан, тiптi инженерлiк және архитектуралық жағынан берерi өте мол. Алайда тиiмсiз жағы да аз емес. Мәселен, АҚШ Қазақстанда еркiн протестант дiнi болғанды қалайды. Орайы келсе, шоқындырып жiбергiлерi де бар. Либерализмнiң тағы бiр кем жағы – олар зинақорларды жақтайды. Осындай мәселелерге келгенде, олар жаңылып қалып жатады. Ал бұл бiздiң дiнiмiзге жат. Сондықтан да әр нәрсеге сақ болғанымыз жөн. Олардың рухани құндылықтарын екшеп тұрып алу керек. Бiр сөзбен айтқанда, озық жақтарын алып, тозық жақтарынан қашуымыз керек.
Бiздi Батысқа жақындатуға мәжбүрлеп отырған тағы бiр себеп – қажет бола қалған жағдайда бiз Батыс пен Еуропалық одақты Ресей мен Қытайға қарсы қоюға пайдалана бiлуiмiз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста