Спортшыларды қоғамдық-саяси іске тарту қажет пе?

Спортшыларды қоғамдық-саяси іске тарту қажет пе?

Елдің арасынан шығып, ұлттың сүйіспеншілігіне бөленген халықтық тұлғалар қай кезде де қажет. Оларды қоғамдық жұмыстарға тартып, ұлттық патриотизмді ояту, саяси көзқарасымен санасу, керек десеңіз, ел басқару ісіне немесе қайырымдылық шараларға тарту – бүгінгі күннің сұранысындағы мәселе. Мысалға, біз қазақтың туын әлем алдында көкке желбіреткен оғландарымыздың қадіріне жете алып жүрміз бе? Оларды қоғамдық іс-шараларға араластырып, саяси сахнаға көтерілуіне жағдай жасап немесе идеал тұтып, олардың өмірін бұқараға тағылымды жол ретінде ұсына алдық па?

Бедел әпер, сосын қажетің шамалы…
«Спортшы спортымен, саясаткер сая­са­тымен айналыссын» деуі мүмкін оқыр­ман­дарымыз. Десе де, халық сүйіспен­шілігіне бөленген тұлғалардың ел ал­дын­дағы ықпа­лын жоққа шығара алмаймыз. Ол ықпал әр сайлау алдында төбе көрсететінін де жақсы білеміз. Мысалға, саяси партия­лар сайлауға түсер алдына өз саптарына белгілі ақын-жазушыларды, әншілерді, спортшыларды қосып ала қояды. Тіпті депутаттық мандат берілетіндердің тізімін­де белгілі тұлға­лардың есімі жүреді. Халық сол зиялы қауым үшін дауыс береді. Бірақ саяси партиялар ең соңында «партияға бедел әпердің, енді қажетің шамалы» дегендей сол халық сеніп дауыс берген зиялы қауымды шетке ысыра салады. Біз­дің белгілі тұлғаларға деген көзқарасымыз – осы. Ал спортшыларымыздың саяси биік тұғыр, биік мінберлерге көтерілген­дері некен-саяқ.
Көзқарасты түзеу қажет
Қай спорт түрінде болсын спорттық ғұмыр тым қысқа болатынын бәріміз де мойындаймыз. Жалындаған жас шағыңда әлемнің мықтыларын тізе бүктіруге болар. Ал жасың отызды алқымдаған соң, қай­раңда қалған қайықтай ешкімге қажетсіз болып қаласың. Бұл  – біздің әр спортшы­мыздың ішіндегі қасіреті, қаупі. Ол қауіп кімді болсын үрейлендіретіні белгілі. Сол үрей спортқа деген көзқарасты шектеп тастағандай. Халық арасындағы «Асық ойнаған азады, доп ойнаған тозады» де­ген сықылды сөздер осы ойымызға үсте­ме­лете үн қосады. Егер спорттық ғұмыры таусылған спортшының азаматтық, тіпті тұлғалық ғұмыры басталып кететін болса, бұл өнерге деген көзқарас өзгерер еді.
Өзге елде…
Әнші Алла Пугачеваның сөзі Ресей билігін сескендіреді. Оның ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс. Билік әншінің қабағына қарап күледі, халық көкейдегісін Алла арқылы жоғары жаққа жеткізеді. Бұл – әншілік өнердің құдіреті. Ал күрес шебері Путин басқаратын сол Ресейде спорттан саясатқа кетіп, нәтижелі іс атқарып жат­қандар тізімі Николай Валуев, Вла­дислав Третьяк, Светлана Журова, Алексан­дра Карелина, Светлана Хоркина, Олег Жо­ло­бов, Алина Кабаева, Антон Сиха­рулид­зе, Светлана Ишмуратова, Фёдор Емельянен­ко, Евгения Плющенко, Ирина Роднина, Ни­колая Гуляева деп ұзап кете бе­реді. Тағы бір мысал. Белгілі актер, спортшы Арнольд Шварценеггер Калифорния штатының губернаторы болды. Ол қандай актер болса, саясатта сондай саясаткер екенін дәлелдей білді. Іргедегі Украинаны алыңызшы. Bagnet.org сайты Украинадағы спортшылар мен жұлдыздардың саясатпен айналысуы жөнінде сауалнама жүргізіпті. Сауалнамаға қатысушылардың 60 пайызы спортшылардың саясатпен айналысқанын қолдапты. Осындай көзқарас ағайынды Кличколарға «Удар» атты партияның тізгінін ұстатып отыр. Ел ішіндегі боксшы беделі саясатта да бір мысқал кеміген емес.
Бізде…
Спортшыларымыз Жақсылық Үшкем­пір­ов пен Дәулет Тұрлыхановпен санаспай­тын қазақ бар ма? Осы тұлғалардың сөзін жүрдім-бардым тыңдайтын әкімқараны көріп пе едіңіз? Жоқ. Мұндай оғландары­мыз, құдайға шүкір, аз емес. Бірақ біздің зиялы қауым елдік мәселені бұқаралық ақ­парат құралдары арқылы ғана қаузап келеді. Жалпы, биліктің сиқырлы кілтін қолына ұстап, тікелей саясат сахнасында жүрген бірде-біреуі жоқ. Айтпақшы, ілгеріректе Серік Қонақбаев Мәжіліске депутат болған еді. Дмитрий Винокуров пен Ермахан Ыбырайымов секілді бірлі-жарым спортшыларымыз Мәжіліс депу­таттығынан үміткер болып, сайланбай тізім соңында қалғаны есте.
Спортшылар қайда барады?
Ендігі сауал осы болса керек. Бізде спортқа аяқ іліктіргендер мен спорттан кететіндерге ерекше қолдау керек. Кәсіби біліктілігі мен саяси жігері жеткендерді лайықты лауазымды қызметке қоюымызға да болады. Әр спортшының өмірдегі өзіне лайықты орнын табуы керек. Олар са­лауат­ты өмір салтын насихаттасын, ел арасында спортқа ынталы жастарды тәр­биелесін, спорт мектептеріне басшылық қызметтер атқарсын, әйтеуір, ел үшін қол қусырып отырмаса болғаны. 
Бақтияр АРТАЕВ, Афины Олимпиадасының чемпионы:
– Бүгін күллі қазақ жұртшылығы Лондон Олимпиадасындағы спорт­шы­лардың жетістігіне қуанып отыр ғой. Енді осы жетістікке жеткендерді ұмыт­пау, осы жетістік арқылы ұлттық патриотизм­ді дамыту мәселесін жолға қоюымыз керек. Мен, жалпы, ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі бұл мәселені қолға алса деймін. Осы әлем­ді мойындатқан қыз-жігіттерге спорт саласындағы түрлі қызметтер ұсынса, артықтық етпейді деп ойлай­мын. Алтын алған азаматтар­дың қай-қайсысы болсын спорттық мектеп­тер­ге, спорттық ұйымдарға басшылық жасауға қабілетті.

Түйін
Әрине, ешбір спортшыға «спортыңды тастап, қоғамдық жұмысқа кел» дей алмаймыз. Тек оларға деген халықтың махаббатын, сүйіспеншілігін пайдаланып, спортшылар арқылы бұқараны патриотизмге тәрбиелей алар едік. Осы қадам арқылы мемлекет­шіл­­дік сана қалыптастыруға да болар еді. Лондоннан жеті алтын алып, мерейі үстем болып отырған мына біздің айтпағымыз – осы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста