Айдарлы ұлын айналып отыр Халық – анасы

Айдарлы ұлын айналып отыр Халық – анасы

• Елбасының құттықтау жеделхаты
Қазақстандық спортшы Серік Сәпиевке!
Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында бокстан алтын медальға ие болуың құтты болсын!
Жеңісің арқылы сен отандастарыңа зор қуаныш сыйлап, елімізге деген ерекше мақтаныш сезімін туғыздың. Мұндай тамаша жеңістер спорт шыңдарының күн сайынғы қажырлы әрі жанкешті еңбекпен ғана игерілетінін жас қазақстандықтарға сөзбен емес, іспен дәлелдеудің жақсы үлгісі болып табылады.
Мықты денсаулық пен бақыт, әрбір ісіңе сәттіліктер тілеймін!

Ақ түйенің қарны жарылды! Алаштың арда ұлы Серік Сәпиев қазаққа алтын әкеле жатыр.  Қоржынымызға  жетінші алтын түскенде бүтін қазақтың төбесі көкке жеткендей! Қазақ үшін жеті саны қандай қасиетті  болса, сол жетінші алтынды Алашқа сыйлаған оғылан да тегін емес десті жұрт. Расымен де, солай еді. Өзі – жетінші алтын! Оны  иісі қазақ үміт артқан қазақтың қара домалағы алса! Ол алтын қастерлі емей, немене? Оған қоса, Серік Лондонда өткен Олимипиада ойындарының үздігі танылып, Вэл Баркер кубогын қоса иеленді. Бұған дейін бұл мәртебелі тарту елімізден Василий Жиров пен Бахтияр Артаевқа бұйырған еді...


Баласы бәйгеге шапса, үйде отырып, тақымын қысатын қазақ Серік Лондонға аттанғалы бері демін ішіне тартып келді. Ал шаршы алаңға шыққанда әр  шаңырақ, әрбір қазақстандық Серіктің тілеуін тіледі. Серіктің жерлестері – қарағандылықтар да «Аруақ!» десті.  Алланың қалауымен Серік Лондон төрінде еліміздің көк туын көкке көтерді. Сол күндері Серіктің тілеуін тіле­меген қазақ не­кен-саяқ шығар. Қараған­дылық жанкүйерлер де жанын шүберекке түйді. Әуелі жартылай финалда мыңдаған қарағандылық Кеншілер сарайы алдындағы алаңға жиналды. Жанкүйерлердің қолда­рын­да еліміздің туы, «Серік – сен үздіксің!», «Алға, Қазақстан!» де­ген плакаттар болды. Ал Серіктің ақтық сай­ы­сынан көрсетілген тікелей трансляцияны об­лыс әкімі бастаған жанкүйерлер Қараған­ды-арена мұз сара­йын­да тамашалады.
Елдің намысын қолдан бермеген батыр ұлына қарағандылықтардың тарту-таралғысы да дайын. Олимпиададан алтын алған  алтын айдарлы оғыланға не сыйласа да жарасым­ды. Артық емес. Аймақ басшысы Әбілғазы Құ­­сайынов  қарағандылықтар атынан «Ланд Кру­зер 200» модельді темір тұлпар тарту етіп отыр.
Қазаққа Құдайдың өзі берген маңдайы кере­ қарыс ұлы Қарағанды облысы Абай қа­ла­сында 1983 жылы 16 қарашада дүние есі­гін ашты. Әкесі Жұманғали – кенші. Серік – от­басындағы төрт баланың үшіншісі. Ал­дын­да – екі ағасы, соңынан ерген бір қарын­да­сы бар. Олимпиада чемпионы бокспен 11 жасынан бастап айналысып келеді. Қабілет-қарымдар, талант пен да­рындар қанмен берілсе, Серіктің боксқа келуі де кездейсоқ емес. Өйткені Серіктің немере ағасы, әкесінің інісі –  Бақтай еліміздің айтулы боксшыларының бірі болғаны аян. Ол жетпісінші жылдары еді. Бақтай Сәпиев кезінде жастар ара­сында КСРО чемпионы, ере­сектер арасында КСРО чемпио­натының екі дүркін жүлдегері, социалистік елдер ара­сында өтетін «Достық» ойындарының жеңім­па­зы атанды. 1972-1976 жыл­дар аралы­ғын­да Одақ құра­масының сапында болып, тоғыз бір­дей халықаралық турнирде топ жарғаны мәлім. Енді, міне, Серік алты Алаштың атын әлем­ге әйгіледі.
Өзіміз ғана емес, өзге ел де Серіктің Лон­дон Олимпиадасында алтын аларын анық болжаған-ды. Мәселен, АҚШ-тың USA Today  басылымы Серік Сәпиев биыл Лондонда алтын алуға басты үміткер боксшылардың бірі деп есептейтінін мәлімдеген еді.
Айтқандары айдай келді! Алла жар болды. Тіфәй, тіфәй, тіл-көзден сақтасын. Бо­лат жұдырықты батыр ұлдарымызға Құдай­дың өзі қамқор болғай!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста