Қазақ қоғамында "алып қашу" ескі дәстүрі бар. Алайда көпшілік келісімсіз алып қашу үшін жаза қолданылатынын біле бермейді. Бұл жайлы адвокат Эльнура Кишкенебаева өзінің инстаграм парақшасында жазды,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Яғни, жеке өзі іс-әрекет жасайтын болса, 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылады. Ал егер де адамдар тобы алдын ала сөз байласып, қылмыстық іс-әрекет жасайтын болса, онда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылады", - деді адвокат.