Бұл сауалға Мәжіліс кулуарында Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің (ҚНДРА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, агенттік екінші деңгейлі банктермен меморандум дайындауда. Банктік операция алаяқтық деп танылса, мұндай несие бойынша сыйақы есептеу тоқтатылады.
«Сотта мұның жалған несие екені және пайдаланушының өзі бұл қаражатты алмағаны дәлелденген кезде, банк бұл соманы қайтарады. Несие толығымен есептен шығарылады немесе егер ол пайдаланушының жеке қаражаты болса, оған қайтарылады», – деді Әбілқасымова.