Абай облысындағы Қоянбай ауылының тұрғындары жер астынан көне құран кітабын тауып алды. Олар үй ауласында шарбақ орнату үшін шұңқыр қазғанда көне жәдігердің үстінен дөп түскен.
Құранның біраз бөлігі күрек тиіп бүлінген. Ал қалғанын тұтас күйінде аршып алған.
Кітаптың қай ғасырға тиесілі екендігі белгісіз.
Бірақ, әбден ескірген беттерінен жазуылар анық көрініп тұр.
Тапқандар оны енді зерттеу үшін мамандарға беруге дайын. Жәдігер шыққан маңда ежелде мешіт болған деген болжамдар бар.
«Сондықтан жер астына өзге де құнды заттар жасырылған болуы мүмкін»,-дейді тұрғындар.