Журналистердің кәсіби тұрғыдан гөрі белгілі бір мүдделі ұйымдар тарапынан жиі марапатталуы неліктен?

Серік МАЛЕЕВ, «Алтын Орда» интернет-газетінің бас редакторы:
– Бізде журналистерді марапаттаған кезде тамыр-таныстыққа жол беріледі. Журналистің еңбегі шын бағалануы керек. «Марапат өз иесін әрқашан таба бермейді» деген сөз бар. Мысалы, мен мемлекеттік тіл саясатын терең көтере білетін бір орыстілді журналисті білемін. Жуырда ол мемлекеттік тіл тақырыбындағы журналистік байқауға қатысты. Мен оның еңбектерінің кәсіби тұрғыдан жоғары екенін білемін, бірақ бұл байқауда оған ешқандай орын да берілмеді. Сонымен бірге бізде осындай байқауларда журналистердің еңбегіне лайықты баға беретін сарапшылар алқасы да жоқ. Олардың арасында кәсіби, тәжірибелі журналистер, тәуелсіз сарапшылар болуы керек. Дей тұрғанмен, журналист үшін ең басты мәселе, менің ойымша, бір реттік марапат емес, оларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау. Журналистерді VIP және қарапайым деген санаттарға бөлмеу керек. Оларға тең дәрежеде әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс, соның ішінде бастысы – баспана.

Дмитрий ДВОЙНЕВ, «24kz» телеарнасының жүргізушісі:
– Мен елімізде журналистерге арналған лайықты марапаттар жоқ дей алмаймын. Сыйлықтар бар. «Нұр Отан» партиясы тағайындайтын «НұрСұңқарды» кәсіби тұрғыдағы байқау емес деуге болмайды, онда әріптесім Айбек Қобдабай екеуіміздің еңбегімізді әділ бағалап, бірінші орын берген болатын. Сол кезде бас жүлдені атақты журналист Артур Платонов жеңіп алған еді. Ал мұндай байқауларды көп ұйымдастыру керек екені рас. Өйткені әрбір маман өз кәсібінде өзінің үздік екенін дәлелдегісі келеді. Мейлі аймақтық марапат болсын, мейлі республикалық болсын, ауқымы маңызды емес, маңыздысы – құрмет пен назар аудару. Сондықтан кейбір ұйымдардың, мемлекеттік органдардың БАҚ өкілдерін өз қалауынша марапаттауға тырысуы, соған мүдделі болуы – қалыпты жайт. Мүдделі ұйымдар белгілі бір тақырыпқа жазатын журналистер тобын шоғырландыра алады, соның арқасында тақырыпты үстірт білетін, баспасөз мәслихатына редакциялық тапсырма бойынша кездейсоқ келіп жазатын журналистер ығысып, ол тақырыпты терең ұғатындар іріктеледі, демек, бұдан оқырман не көрермен тек қана ұтады. Әрине, марапаттар жұртшылық пен үкіметтік емес ұйымдардың араласуы арқасында мейлінше тәуелсіз тағайындалуы тиіс. Марапаттар журналистердің белгілі бір өткір мәселелерді жиі көтеруіне, тіпті адами тұрғыдан қауіпті тақырыптарға баруына ықпал етуі қажет.

Рауан ЕСҚАЛИ, журналист:
– Мүдделі ұйымдардың марапатынан қорқатын ештеңе жоқ сияқты. Бір субъекті, біздің жағдайда ол қандай да бір журналист, бір әлеуметтік субъектінің өкілі, соның көзқарасын жақтаушы, жоқтаушысы болса, онда тұрған ештеңе жоқ. Қазіргі таңда көп жыл бойы шыңдалып, пісіп-жетілген журналистердің арасында нағыз кәсібилері, даралары бар. Ол айдан анық. Кәсіби шебер екеніңді жалғыз жүріп емес, бір мүдделі ұйым тарапынан дәлелдеген анағұрлым ұтымды, беделді әрі оңайырақ болатын секілді. Белгілі бір тақырыпты жеріне жеткізе меңгерген журналист кәсібилігінің арқасында ғана мүдделі ұйымдарға жағып жатады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста