Сұрақ-Жауап. Кеңес
Гольф ойыншысында неше таяқша болады?
Гольфты теледидардан көрген сайын ойыншылардың бірнеше таяқша қолданатындықтарын байқадым. Сондай-ақ жандарында таяқшаға толы арба жетектеп, бір адам еріп жүреді.
FIFA-ға қанша ел мүше?
Бүгінде ең ірі спорт ұйымдарының бірі FIFA екені белгілі. Аталмыш ұйым қай жылы құрылған? Бүгінде оған қанша мемлекет мүше?
Генерал-лейтенанттың шені генерал-майордан неге үлкен?
Білуімше, генерал-майор деген әскери атақ генерал-лейтенанттан төмен болып есептеледі, сол неліктен?
Елімізде қанша қант зауыты бар?
Жалпы, солтүстік жақтарда қант қызылшасын өсіруге бола ма?
Қазақша мультфильм көргім келеді
Мен өзім мультфильмді жақсы көремін. Балаларыма да ұнайды. Өкініштісі, кабельдік телеарналардан берілетін шетелдік мультфильдерді ғана көріп жүр.
«E-шоппинг» деген не?
Барлық затты көзбен көріп, қолмен ұстағанға үйреніп қалған халықпыз ғой. Соңғы кездері теледидардан интернет-сауда немесе Е-шоппинг дегенді жиі естіп жүрмін.
Жүзу спортына баланы неше жастан берген дұрыс?
Баламды жүзу спортына бергім келеді. Себебі медиктер «жүзу спортының жас балаға тигізер пайдасы орасан зор» дейді. Ал баланы жүзу спортына қай жастан бастап берген дұрыс?
Баланың балпанақтай болуы неден?
Әдетте нәресте ірі болып туылса, «балпанақтай» деп сүйсініп жатамыз. Бірақ баланың өзінің де, салмағының да ірілігіне дәрігерлер секемденіп қарайтын көрінеді.
Зейнетақы қорына өзім ақша салсам бола ма?
Мен тұрақты жұмыс істемеймін. Базарда сауда жасаймын. Аздаған жылдан кейін зейнеткерлікке шығамын.
Тынышбаев – тұңғыш кинооператор
Қазіргі уақытта кино саласы мықты дамып келеді. Отандық киноөндірісінің жетістіктері де аз емес. Осы орайда қазақтан шыққан тұңғыш кинооператор кім болды екен?
Сүйінші! Хабарсыз кеткен жауынгер дерегі табылды
Менің атам Көмекбай Қожабеков Ұлы Отан соғысына аттанып, хабарсыз кетті.
«Консьерж» деген кім?
Біз тұратын үйдің ауласында «консьерж» деп аталатын жұмысшылар бар. Олар не қызмет атқарады?
Глаукома қандай ауру?
Менің қызым 22 жаста. Жақында көзі ауырып, ауруханаға көрінуге барған қызыма дәрігерлер «глаукома» деген диагноз қойыпты.
Имидж – киім сәнін ғана өзгерту емес
Қазіргі кезде «имидж» сөзі жиі қолданылады. Әсіресе, бұл термин «мына әншінің имиджі мынадай» дегендей өнер адамдарына қатысты айтылып жатады.
Ақша – тиыннан, жылқы – құлыннан...
Кішкене кезімде үйдегілердiң майда тиындарды үлкен шөлмектерге салып, жинап жүретінін көретінбіз.
Сайлауда 100 пайыз дауыс жинаған президент кім?
Осы әлем елдерінде президенттік сайлауларда 100 пайыз дауыс жинаған президенттер бар ма? Болса, олар кімдер?
Қосымша сағаттар үшін ақы төленуі керек пе?
Мен мектепте алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Жүктемем – 1 ставка + 10 сағат. Ал бірақ қосымша 10 сағат үшін ақы төлемей отыр. Осы заңды ма?
«Тек» деген нәрсе тәрбиеден де күшті ме?
Халқымыз көп нәрсені текпен байланыстырады. Сонда оның тәрбиеден де маңызды болғаны ма?
Аққайнарды өзге сусындармен араластырып ішу зиянды ма?
Аққайнарды арақпен, сырамен, басқа да спиртті ішімдіктермен араластырып ішу қауіпті ме? Оның қандай салдары болуы мүмкін?