Туған жерге қайта оралған жақындар

Қазақстан – ынтымағы жарасқан, іргесі берік, өзге ұлт өкілдерімен де бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп отырған берекелі ел. Қай кезде болсын, тіпті сонау нәубет жылдары, сталиндік репрессия кезінде де қазақтар жер аударылып келген өзге ұлт пен ұлыс өкілдеріне пана бола білді. Бір үзім нанын бөліп жеп, тонның ішкі бауындай араласты.
Көпшілік өзге ұлт өкілдері қазақтың осы кеңпейілдігін, дарқандығын, «қара­сың ба, ақсың ба?» деп жатсынбай, бауы­рына баса білетініне ризашылықтарын біл­діріп жа­та­ды. Сондықтан да болса ке­рек, 90-­жыл­дар­дың басындағы қиын-қыс­тау кезде ел­ден тарихи Отанына көш­кен өзге ұлт өкіл­дері кейіннен Қазақстан­ның қарыш­тап дамып отырғанын, эконо­ми­касының өсіп келе жат­қанын байқап, қайтадан Қазақ еліне қоныс аударды. Дәл осыған қатысты Қазақстанға жер аудары­лып келіп, 90-­жыл­дардың бел ортасында туған жері Гер­манияға көшіп, қазақ елін, жерін қимай қайтып келген неміс ұлтының өкілдері – ДЕДЕРЕР отбасын айтуға болады.
Карл ДЕДЕРЕР, СҚО Қызылжар ауданы Петерфельд ауылының тұрғыны:
–Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қай­та құру басталып, нарықтың қатал заңы бе­лең алды. Әркім өз күнін өзі күйттеп кет­ті. Сондай аласапыран кезде үй-жайымыз­ды тастап, Германияға көштік. Алайда ол жақта да жағдай өте ауыр болды. Қазақ­стан жаққа құлағымыз елеңдеп тұратын. Екі елде болып жатқан жағдайды салысты­рып отыратынбыз. Германияда көп тұра ал­ма­дық. Қазақстанның жағдайы жақсар­ға­нын көрген соң ба, жоқ әлде туған жер­дің топырағы тартты ма, әйтеуір Қа­зақ­станға мойнымызды соза бердік. Бірде Гер­манияда мен жұмыс істейтін фирманың бастығы үйге келіп, Қазақстан туралы бей­нетаспаны көргенде: «Сен мұнда неге кел­дің? Осындай жер байлығын, көрікті жерді тастап, Еуропаға көшіп келгенің не?» – деп таңғалды. Бұл сөз маған үлкен ой салды. Өйткені ол жақ біз ойлағандай болмады. Адам­дардың бір-біріне деген мейірімі аздау. Тіпті туғандарының өзі бір-бірімен жа­қын араласпайды. Шынын айтқанда, ме­йірімділік пен жылулық жетіспеді. Қа­зақ­тың мейірбандығын, кең даласын, ауы­лы­мызды аңсағаннан кейін арада көп уа­қыт өтпей қайта келдік. Ауылдастарымыз бізді құшақ жайып қарсы алды. Тіпті үй сал­ғанда ауылдастардың барлығы көмек­тесіп, сый-құрметке бөледі. Осындай ме­йі­рім­ділік, адамгершілік, татулық, бауыр­малдық, сыйластықтан артық не керек? Қа­зақ халқы – өте мейірімді, қонақжай ха­лық. Бізді ешкім, ешқашан «неміссің» деп шет­тетіп, қысым көрсеткен емес. Қазір кө­шіп келгеніме өкінбеймін. Сол кезде өте дұрыс шешім қабылдаған екенмін. Қазақ­станның болашағына сенемін. Қазірдің өзінде-ақ әлем таныды. Бұл елде түрлі ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Ешқандай алауыздық жоқ. Бір­лікпен өмір сүрген елде әрқашан бе­реке болады. Халыққа ең бірінші не керек? Әрине, тыныштық, жайлы өмір, тұрақты жұ­мыс қажет. Қазақстанда қазір осының бар­лығы бар. Мұның барлығы Елбасы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дұрыс сая­сат жүргізуінің арқасы деп білемін.

Сөз соңында Карл Дедерер: «Ендігі жерде өзімнің Отанымдай болып кеткен Қазақстаннан ешқайда аттап баспаймын. Тек тілерім: елімізден береке кетпесін, Тә­уел­сіздігіміз тұғырлы болсын!» деп ақ батасын берді.
Музаффар ФАЗЫЛОВ, Түркістан қаласының тұрғыны:
– Мен Түркістан қаласында туып-өс­кен­мін. Алайда 90-жылдары дүкен сөре­лері бос қалып, зауыт-фабрикалар жабы­лып, «өз күніңді өзің көр» қағидасы етек ал­ған тұста абдырап қалдық. Осындай қи­ын-қыстау кезде көрші елде тұратын аға­йындар «көшіп келіңдер» деп сөз салып, біз де Өзбекстанға көштік. Дегенмен ол жақ­тағы жағдай бұл жақтағыдан да ауыр екен. Ол жақта жағдайымыз оңала қой­ма­ды. Қазақстанда қалған ағайындармен ха­барласып тұрдық. Көп ұзамай-ақ Қазақ­стандағы жағдай оңала бастады. Түркіс­тандағы ағайындар да «қайтып келіңдер» деді. Сөйтіп, 2005 жылы қайтадан Қазақ­станға көшіп келдік. Киелі шаһар – Түркіс­тан қаласына қайта қоныстандық. Базарға шығып, сауда жасадық. Халықта ақша бол­маса, сауда жүрмейтіні белгілі ғой. Ал­ғашқы күндері не болар екен деп, күмән­мен қарап едік, байқасақ, базарда адам қарасы көбейіпті. Яғни халықтың жағдайы жақсарған екен. Тұрмыс жағдайымыз күн санап жақсара түсті. Бүгінде төрт құбы­ла­мыз тең. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Сон­дықтан біз Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­қа алғыс айта отырып, бәріміз «бір жа­ғадан – бас, бір жеңнен қол шығарып», ол кісінің саясатын қолдауымыз керек.

Бүгінде Қазақстан дамыған елдер кер­уеніне ілесті. Экономикалық даму көрсет­кіштерімен талай елді тамсандырып, талай мықтыны мойындатты. Оның үстіне қазір көрші елдер азаматтарының көбі Қазақ­стан азаматтығын алып, осы елде тұрғысы келетіндіктерін айтуда. Бұл Қазақстанның болашағының кемел екендігінен сыр шерт­се керек. Иә, қазақ үшін халықтың санын көбейту, бірлікте-бейбітшілікте өмір сүру – ең маңызды мәселелердің бірі. Мұны Елбасымыздың Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында айтқан: «Қазақстан – бірлігі жа­расқан ел. Қазақстандағы қоғамдық келісімнің алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстағанымыз абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде, ең алдымен, қазаққа керек. Бірлігі мықты болмайынша, келешекте мемлекеттің тұ­тас­тық келбетін сақтау мүмкін емес. Хал­қымызда «тар жерде табысқан, кең жерде кеңеседі» деген сөз бар. Тар замандарда қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды» деген сөздерінен анық сезінуге болады. Егер бірлікте бол­сақ, өзгелермен тату-тәтті ғұмыр кеш­сек, онда Қазақстанның болашағы бұдан да кемелдене берері сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста