Мешіттің құбыласы дұрыс болмаса, намазды қай жаққа қарап оқу керек?

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Қай жақтан шықсаң да /намазда/ жүзіңді «әл-Харам» мешітіне қарата бұр. Әрі қай жерде болсаңдар да /намазда тұрғанда/ жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар»[1], ­– деген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі fatua.kz-ке сілтеме жасап.

Намазды құбыла тарапына қарап оқу – парыз.

 

Қағбаны көріп тұрған адамға Қағбаның өзіне қарап намаз оқу міндет. Ал қашық елдерде тұратындар намазды құбыла тарапқа бет түзеп оқиды, құбылаға дәлме-дәл бет бұру шарт емес[2].   

 

Әбу Һұрайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шығыс пен батыс аралығы – құбыла», – деген[3].    

 

Сондықтан құбыла тарапқа бет алып намаз оқитын адам Қағбаның дәл өзінен 45º-қа дейін оң немесе сол жаққа ауытқыса да, намазы дұрыс саналады. Құбыланың қай жақта екенін біле тұра, 45º-тан артық оңға немесе солға бұрылған жағдайда парыз орындалмаған болады, намазын қайта оқиды[4].  

 

Кейбір мешіттердің құбыласы Қағбадан 45º-қа дейін оң немесе сол жаққа ауытқуы намазға зиян етпейді.

 

Бірақ Қағбаның қай тарапта екені анық белгілі болса, мешіт жамағаты арасында туындаған алауыздық пен наразылықты болдырмау үшін, намазды дәл құбылаға қарап оқыған – абзал.  

 

Ең дұрысы Алла Тағалаға ғана мәлім!    

 

 

 

Хасан АМАНҚҰЛОВ

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста