«Лә иләһә иллә алла, мухаммадур-расулуллаһ» (деп кім шын жүректен куәлік сөзін айтса)...

«Лә иләһә иллә Алла, Мухаммадур-расулуллаһ» деген куәлік сөзіміз қос дүниедегі қол жеткізген ең асыл нығметіміз әрі бақытымыздың кілті іспетті. Осы сөзді көзі тірісінде айтқан адам қандай бақытты. Әнас ибн Мәлик (р.а.) риуаят еткен хадисте былай делінген:

«Алланың елшісі (с.ғ.с.) мен Мұғаз (р.а.) бірге түйеге мінгесіп келе жатыр еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Әй, Мұғаз!» деп өзіне қаратты. Мұғаз:

«Иә, Алланың елшісі (с.ғ.с.), тыңдап тұрмын», – деп үн қатты.

Тағы да: «Ей, Мұғаз!» – деп қайталады.

«Иә, Алланың елшісі (с.ғ.с.), тыңдап тұрмын» –деп Мұғаз да ерекше ынта танытты. Үш рет айтқан соң Расулалла (с.ғ.с.):

«Кім шын жүректен «Бір Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деп куәлік сөзін айтса, жаһаннамның оты оған харам» – деді.

Мұғаз (р.а.):

«Мұны айтып, адамдарды қуандыруға бола ма?» – деп сұрағанда:

«Жоқ, өйткені олар соған тым арқа сүйеп, амал етуден қалады» – деді». Мұғаз (р.а.) бұл хадисті өмірінің соңында ғана айтып кеткен екен. Осы сөз бойынша амал еткен адам бақытқа кенеліп, тозақтың ыстық отынан құтылады. Алла «Зумәр» сүресінің 61-аятында:

«Алла тақуаларды құтқарады», – деген. Жәрдемге кенелу, шүкір ету және көмек табу үшін осы сөзге шақырушы да бақыт таппақ. Осы сөзді сүйген адам басқалардан үстем болып, мейірімге бөленіп, құрметтелмек.

Алла «Мұнафиқун» сүресінің 8-аятында: «Негізінде үстемдік Аллаға, елшісіне әрі мұсылмандарға тән», – деп иман келтірген мұсылмандардың да үстем болатындығын айтқан. Құлдық қамытын киген Біләл да осы сөзді айтып, мойындау арқылы азат етілді. Алла оны ақыретке дейін аты аталатын әйгілі де үлгілі етті.

Бұл ұлы сөзді Әбу Ләһаб қырсығып айтпай, өмірден бақытсыз өтті, ақыреті де бақытсыз болмақ. Алла «Хаж» сүресінің 18-аятында: «Алла кімді қорласа, сонда оны құрметтеуші болмайды», – дегені де нақты. Куәлік сөзін айтқан пайғамбарлар мен дін жолында өмірлерін сарып еткен шаһидтердің денелері шірімейді де олардың денелеріне ешбір тірі жәндік зиянын тигізе алмайды. Егер бұл қасиетті сөзді толық айта алмасаң, жиған-терген дүниеңмен арқаланба. Өйткені дүние сені құтқара алмайды.

Құранда мал-пұлдың жәрдем бермейтіндігі жайлы «Хаққа» сүресінің 28-29-аятында: «Малым маған еш пайда бермеді. Күш қуатым жойылып кетті (дейді)» дейді екен. Егер Жаратушы иеңнен алыстап жатсаң, сәтін тауып жатқан ешбір ісіңмен мақтанба!

Расында одан бас тартуың үлкен сәтсіздік, қасіреттің шыңы және қорлыққа апарады. Алла «Бақара» сүресінің 61-аятында: «Оларға қорлық, жоқшылық жүктелді», – деген.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста