Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді
tiek
Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.