Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру аяқталды. Сағат 20:00-де елдегі сайлау учаскелері жабылып, комиссия мүшелері дауыстарды санауға кірісті, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы. Бұл жолы қазақстандықтар бес жыл мерзімге 228 мәслихаттың 3 447 депутатын сайлады. Дауыс беруге арналған 10 338 учаске жұмыс істеді. Сайлаушылар тізіміне 12 679 459 адам енгізілген. Оның …