Тоқаев Ақмола облысының экс-әкімін Малайзияға қызметке жіберді
tizgin_KZ
Тоқаев Ақмола облысының экс-әкімін Малайзияға қызметке жіберді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап. Бұрын Грузияда елші болған Мәлік Мырзалин Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болып тағайындалды. Оның Грузиядағы бұрынғы қызметіне Талғат Адуов тағайындалды. Ал Малайзияда елші болған Болат Сүгірбаев Малайзиядағы елші қызметінен босатылды.