Текелі қаласында экскаватор 11 жастағы оқушы қызды басып кетті
tizgin
Текелі қаласында экскаватор 11 жастағы оқушы қызды басып кетті
Жетісу облысының Текелі қаласында жол жөндеу жұмыстарына тартылған экскаватор 11 жастағы қызды қағып, салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Қайғылы жағдай 3 қарашада болған. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Экскаватор жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жол қозғалысы ережелері мен жөндеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталғаны тексеріліп жатыр.