Атыраудағы резонансты қылмыстық істен кейін психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадан шықты. Қазір ол туыстарының қарауында болып, біртіндеп қалыпты өмірге оралуға тырысып жүр, деп жазады Атырау газеті. Ақбаян – бұған дейін сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сарсемалиевтің жұбайы. Қазір оның денсаулығын қалпына келтірумен қатар, қоғамға қайта бейімделуіне ерекше көңіл бөлінуде. …