Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Тиісті шешімді «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz. Жаңа басшыны компания ұжымына «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов таныстырды. Жаңа басшыға қандай міндеттер жүктелді Тағайындаудан кейін өткен жұмыс кеңесінде Нұрлан Жақыпов компанияның алдағы басым міндеттерін атады. Ол негізгі инвестициялық жобаларды белгіленген мерзімде жүзеге асыруға және электр станцияларын …