Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматының төлқұжаты табысталды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Президент Жарлыққа қол қойған Ресми ақпаратпен Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев өзінің Facebook парақшасында бөлісті. Айтуынша, биыл 30 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Президент жасанды интеллектіні дамытуға және таланттарды қолдауға ерекше мән береді. Біз болашақ технологияларын жасайтын мамандардың …