Қорғаныс министрлігіндегі тексерістен соң 37 қылмыстық іс қозғалды
tizgin
Қорғаныс министрлігіндегі тексерістен соң 37 қылмыстық іс қозғалды
Қазақстанда Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен басталған Қорғаныс министрлігін ауқымды тексерудің алғашқы нәтижелері жарияланды. Арнайы комиссия 100-ден астам нысанды тексеріп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Қазір құқық қорғау органдары 37 қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап. Ақорданың мәліметінше, арнайы комиссия Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қызметіне кешенді тексеру жүргізуді жалғастырып жатыр. …