Қазақстан Ресейге АИ-92 бензинін жеткізген жоқ — Энергетика министрлігі
tizgin
Қазақстан Ресейге АИ-92 бензинін жеткізген жоқ — Энергетика министрлігі
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2026 жылы Ресейге АИ-92 маркалы автомобиль бензинін экспорттамаған. Бұл туралы Қазақстан Энергетика министрлігі ТАСС агенттігіне берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстаннан бензин экспортына қатысты кез келген шешім ішкі нарықтағы қажеттілік толық қамтамасыз етілген жағдайда ғана қабылданады. Ал Ресейге АИ-92 жеткізу үшін бұдан бөлек тиісті халықаралық уағдаластықтар болуы қажет. …