Павлодарда прокуратура қызметкері қағып кеткен әйел қайтыс болды
tizgin
Павлодарда прокуратура қызметкері қағып кеткен әйел қайтыс болды
Павлодарда прокуратура қызметкері көлікпен қағып кеткен 60 жастағы әйел қайтыс болды. Осыған байланысты қылмыстық іс қайта сараланды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленуші 2026 жылғы 23 тамызда қайтыс болған. Осыған байланысты іс қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне қайта сараланған. Бұл бап көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғуын көздейді. …