Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында күйік бөлімшесін ашуға бөлінген демеушілік қаражаттың жымқырылуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Іс бойынша қалалық аурухана басшылығының өкілі, қоғамдық қордың жетекшісі, әкімнің бұрынғы орынбасары және өнім беруші күдікке ілінген, деп хабарлайды Tizgin.kz. Сегіз түрлі жабдықтың орнына екі кереует сатып алынған 2025 жылы Маңғыстау облысының денсаулық …