Қаладағы дәмханалардың бірінде қыз баланы ұрып, балағаттаған 10 жастағы оқушының ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал бесінші сынып оқушысының өзі профилактикалық есепке қойылды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Жанжал арты төбелеске ұласқан Мәлім болғандай, оқиға 11 қараша күні Қазахстан көшесі, 72-мекенжайда орналасқан Foxdrinks дәмханасында болған. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Оқиға туралы қала тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде …