Қазақстанда 1 желтоқсаннан ақпан айының соңына дейін жеңіл автокөліктерді қысқы шинасыз пайдалануға тыйым салынады. Бұл талапты бұзған жүргізушілерге 2026 жылы 21 625 теңге айыппұл салынады, деп хабарлайды Tizgin.kz. Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес, желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында жеңіл автокөліктер қысқы шиналармен жабдықталуы тиіс. Қысқы шиналарды көліктің барлық дөңгелегіне орнату …