Экс-депутат Ұласбек Сәдібеков өзі туған ауданға әкім болып кетті
tizgin
Экс-депутат Ұласбек Сәдібеков өзі туған ауданға әкім болып кетті
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. Президент әкімшілігінің келісімімен және Бәйдібек аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі негізінде Ұласбек Сәдібеков Бәйдібек ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жаңа әкімді қызметімен құттықтап, жауапты жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді сапалы орындаудың маңыздылығына тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық …